Июнь 2020

http://almaty-akshamy.kz/e-nergetikter-sajy-s-a-t-sti/

https://www.youtube.com/watch?v=EIdsLr76kOI&feature=youtu.be

http://zgazeta.kz/zhary-taratushy-zherlesterimiz-zhe-impaz-atandy/ерлестеріміз жеңімпаз атанды

Главная » Новости » Общество » Жарық таратушы жерлестеріміз жеңімпаз атанды

 fkgvlggl

Күнделікті тұрмыс-тіршілігімізді, қоғамдағы қалыпты өмірімізді жарық көзі арқылы қалыптастырамыз десек, артық айтқандық емес. Қарапайым мысал ретінде бүгінгі таңдағы барлық өнеркәсіп орталарына, ауылшаруашылығына, тіпті, күнделікті өмірімізге электр энергиясы аса қажет екенін айтуға болады. Алайда, оның жақсы жақтарын жіпке тізіп айта бермес бұрын қауіптілігін де ескерген жөн. Осылардың маңыздылығын түсіндіру мақсатында осы уақытқа дейін көпшілікке тоқтаусыз қызмет етіп келе жатқан «Алатау Жарық компаниясы» АҚ жыл сайын дәстүрлі түрде жарыс ұйымдастыруды қолға алған. Міне, өткен аптада аталмыш тоқ қуатын тарататын бірлестік тағы да 100-ден аса қызметкерлердің басын қосып, кезекті сайыс өткізген болатын. Алматы облысына қарасты 17 бригадалық құрама командалар қатысқан іс-шара бұл жолы Қаскелең қаласында орналасқан аудандық электр желісіндегі оқу-жаттығу алаңында ұйымдастырылды. Басты мақсаты осы салада аянбай тер төгіп жүрген азаматтардың кәсіби шеберліктерін шыңдап, біліктіліктерін одан әрі арттыру болып табылады. Ал, бұл жолғы жарыс бағдарламасы жедел жөндеу қызметкерлер құрамының кәсіби сынға түсуі және 6-10/0,4 кв электр қуатын жеткізу желілері аясында өткізілді.
Облыстық турнирдің ашылу салтанатында алдымен «Алатау Жарық компаниясы» АҚ-ның басшысы Мұхит Үмбетов сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға күш-қуат, мол табыс және жарыста сәттілік тіледі. Басқарма басшысының осындай ізі тілегінен кейін аудан әкімі Жандарбек Далабаев сөз алып, Алматы қаласы мен облыс аумағын жарық көзімен қамтамасыз етіп отырған компанияға алғысын жеткізіп, командаларға осы жарыс арқылы шеберліктері одан әрі шыңдала берсін, деген ниетін білдірді.
Біліктілікті арттыруға негізделген сайыс 12-14 маусым аралығында өткізілді. Әр өңірден келген командалардың кәсіби шеберліктері бес деңгей арқылы сыналып, осы саладағы жинаған тәжірибелері мен білімдері жан-жақты сарапталды.
3 күнге созылған жарыстың нәтижесі бойынша Қарасай аудандық электр торабының атынан шыққан команда алтыннан алқа тақса, Алматы қаласы Наурызбай ауданының үшінші электр торап аумағы күміс жүлдеге ие болды. Ал, қола жүлде Талғар ауданынан келген команданың қанжығасына бұйырды. Өз кезегінде аталмыш компанияның басшысы Мұхит Әбікенұлы жарыстың соңғы күні, яғни, құттықтау рәсімінде шараның маңыздылығын айтып, жеңімпаздарды марапаттап, қаржылай сый-сияпаттарын табыстады.
– Республика көлемендегі ауқымды жарыс алдағы уақытта Маңғыстау облысында өтетін болады. Әрине, осы турнир аясында жеңіс тұғырынан көрінген Қарасай аудандық электр торабы «Алатау Жарық компаниясы» АҚ атынан сайысқа түсіп, намысымызды қорғайтын болады. Шеберліктері шыңдалған азаматтарға тек сәттілік тілеймін! – деді компания басшысы М.Үмбетов.
Ауданның түкпір-түкпірінен келген командалар жарыс нәтижесі бойынша осылай олжалы болып жатса, «Үздік төреші», «Үздік электромонтер» «Үздік шебер», «Ең жас және ардагер қатысушы» дәрежелеріне ие болған мамандар да бағалы сыйлықтарға қол жеткізді. Одан бөлек, жеңімпаз командаларды марапаттау рәсімінің соңында турнир уақытынан тыс спорттық және ұлттық ойындар бойынша бақ сынасқан командалардың бірқатар азаматтары жеңімпаз ретінде марапатталып, сый-құрметке ие болды.
Жарық пен жылу таратушылардың біліктіліктері бағаланып, мамандардың тәжірибелері алмасатын осындай іс-шаралардың маңызы қашанда жоғары деп білеміз. Ал, мұндай жарыстардың қажеттілігін дәріптейтін «Алатау Жарық компаниясы» АҚ-ның ұжымына ыдырамайтын ырысты ынтымақ, жемісті жетістіктердің көптігін тілейміз! Сондай-ақ, жүлделі 1-орынға ие болған жерлестеріміз – қарасайлық команданың жұмыстарына табыс тілеп, республика деңгейінде өтетін жарыста биіктен көрінуіне тілектеспіз!
Дидар МУХАМАДИЕВ.

http://karasayinfo.kz/zhary-taratushylar-syn-a-t-sti/

ЖАРЫҚ ТАРАТУШЫЛАР СЫНҒА ТҮСТІ

Ең ірі электр қуатын тарататын «Алатау Жарық компаниясы» АҚ қызметкерлердің кәсіби шеберліктерін шыңдайтын жарыс өткізіп жатыр, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Күнделікті тұрмыс-тіршілігімізді, қоғамдағы қалыпты өмірімізді жарық көзі арқылы қалыптастырамыз десек артық айтқандық емес. Қарапайым мысал ретінде бүгінгі таңдағы барлық өнеркәсіп орталарына, ауылшаруашылығына, тіпті, күнделікті өмірімізге электр энергиясы аса қажет екенін айтуға болады. Алайда, оның жақсы жақтарын жіпке тізіп айта бермес бұрын оның қауіптілігін де ескерген жөн. Осылардың маңыздылығын түсіндіру мақсатында осы уақытқа дейін көпшілікке тоқтаусыз қызмет етіп келе жатқан «Алатау Жарық компаниясы» АҚ жыл сайын дәстүрлі түрде жарыс ұйымдастыруды қолға алған. Міне, бүгін аталмыш тоқ қуатын таратын бірлестік тағы да 100-ден аса қызметкерлердің басын қосып, кезекті сайыс өткізіп жатыр. Алматы облысына қарасты 17 бригадалық құрама командалар қатысып жатқан іс-шара бұл жолы Қаскелең қаласында орналасқан аудандық электр желісіндегі оқу жаттығу алаңында ұйымдастырылды. Басты мақсаты осы салада аянбай тер төгіп жүрген азаматтардың кәсіби шеберліктерін шыңдап, біліктіліктерін одан әрі арттыру болып табылады .

   gtndfbdffd gtndfbdffd  gtndfbdffd         gtndfbdffd

Бүгінгі облыстық турнирдің ашылу салтанатында алдымен «Алатау Жарық компаниясы» АҚ-ның басшысы Мұхит Әбікенұлы сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға күш-қуат, мол табыс және жарысқа сәттілік тіледі. Өз кезегінде аудан әкімі Жандарбек Далабаев алып Алматы қаласы мен облыс аумағын жарық көзімен қамтамасыз етіп, қызмет көрсетіп отырған компанияға алғысын жеткізіп, барша командаларға осы жарыс арқыты шеберліктері одан әрі арта берсін деген ниетін білдірді.

Біліктілікті арттыруға негізделген сайыс 12-14 маусым аралығында өткізіледі деп жоспарланып отыр. Әр өңірден келген командалардың кәсіби шеберліктері бес деңгей арқылы сыналып, осы саладағы жинаған тәжірибелері мен білімдері жан-жақты сарапталатын болады.

http://karasayinfo.kz/zhary-taratushylardy-zharysy-z-m-resine-zhetti-video/

ЖАРЫҚ ТАРАТУШЫЛАРДЫҢ ЖАРЫСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ (Видео)

Барлық өнеркәсіп орталарына, ауылшаруашылығына, тіпті, күнделікті өмірімізге электр энергиясы аса қажет екенін айтпасақта белгілі. Алайда, оның жақсы жақтарын жіпке тізіп айта бермес бұрын оның қауіптілігін де ескерген жөн. Осылардың маңыздылығын түсіндіру мақсатында осы уақытқа дейін көпшілікке тоқтаусыз қызмет етіп келе жатқан «Алатау Жарық компаниясы» АҚ жыл сайын дәстүрлі түрде жарыс ұйымдастыруды қолға алған. Аталмыш тоқ қуатын таратын бірлестік өткен аптада тағы да 100-ден аса қызметкерлердің басын қосып, кезекті сайыс өткізді. Алматы облысына қарасты 17 бригадалық құрама командалар қатысып жатқан іс-шара бұл жолы Қаскелең қаласында орналасқан аудандық электр желісіндегі оқу жаттығу алаңында ұйымдастырылды. Басты мақсаты осы салада аянбай тер төгіп жүрген азаматтардың кәсіби шеберліктерін шыңдап, біліктіліктерін одан әрі арттыру болып табылады. Ал, бұл жолғы жарыс бағдарламасы жедел жөндеу қызметкерлер құрамының кәсіби бақталасуы және 6-10/0,4 кв электр қуатын жеткізу желілері аясында өткізілді. Турнирдің ашылу салтанатында алдымен «Алатау жарық компаниясы» АҚ-ның басшысы Мұхит Әбікенұлы сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға күш-қуат және жарысқа сәттілік тіледі. Басқарма басшысының осындай ізгі тілегінен кейін аудан әкімі Жандарбек Далабаев Алматы қаласы мен облыс аумағын жарық көзімен қамтамасыз етіп отырған компанияға алғысын жеткізіп,  ықыласын  да білдірді.

Әр өңірден келген командалардың кәсіби шеберліктері 5 деңгей арқылы сыналып, осы саладағы жинаған тәжірибелері мен білімдері жан-жақты сарапталды. 3 күнге созылған жарыстың нәтижесі бойынша Қарасай аудандық электр торабының атынан шыққан команда алтыннан алқа тақса, Алматылық Наурызбай ауданының үшінші электр торап аумағы күміс жүлдеге ие болды. Ал, қола жүлде Талғар ауданынан келген команданың қанжығасына бұйырды. Өз кезегінде аталмыш компанияның басшысы Мұхит Әбікен ұлы шараның маңыздылығын айтып, жарыс жеңімпаздарын құттықтады.

Ал, жеңіс тұғырынан көрінген қарасайлық командалар сайыстың жоғары деңгейде өткенін айтып, ұйымдастырушыларға алғыстарын да жеткізіп жатты.

Ауданның түкпір-түкпірінен келген командалар жарыс нәтижесі бойынша осылай олжалы болып жатса, «Үздік төреші», «Үздік электромантер» «Үздік шебер», «ең жас және ардегер қатысушы» дәрежелеріне ие болған мамандар бағалы сыйлықтарға қол жеткізді. Сонымен қатар, турнир уақытынан бөлек спорттық және ұлттық ойындар бойынша бақ сынасқан командалардың бірқатар азаматтары жеңімпаз ретінде марапатталып, сый-құрметке ие болды.

Июль 2020

https://www.youtube.com/watch?v=E0TwWUUIFyk&feature=youtu.be

Сентябрь 2020

http://almaty-akshamy.kz/e-lektr-togy-nan-abaj-boly-y-z/

Октябрь 2020

http://almaty-akshamy.kz/k-sibi-mamandardy-k-siptik-zhary-sy/

https://almaty.tv/news/obschestvo/2015-luchshikh-kazakhstanskikh-energetikov-nagradili-v-almatinskoy-oblasti

Декабрь
Сарапшылар сандырақтай ма? Алматыны жарықпен қамту проблемасына басшылық жауап берді

https://azattyq-ruhy.kz/society/2198-sarapashylar-sandyraktaidy-ma-almatyny-zharykpen-kamtu-problemasyna-basshylyk-zhauap-berdi

Azattyq Rýhy

06.12.2019, 16:56

Сарапшылар Алматыдағы электр желісінің тозғанын айтып, дабыл қақты

Тoday.kz ақпарат порталының жазуынша қаладағы электер желілерінің істен шығу ықтималдығы жоғары. Кеңес заманына бері ауыстырылмай, тозығы жеткен  желілердің үлесі 65,5% жеткен. Тәуелсіз энергетиктер әуемен тартылған 6 мың шақырым және 750 шақырым кабельдік желілер соңғы 40 жылда жаңартылған жоқ, деген пікірде.    Егер бұл салада жағдайды түбегейлі өзгертпесе, мегаполистің көптеген аудандары қараңғылық құшағында қалуы мүмкін. Тіпті шаһар бұл проблемалармен осы қыста бетпе-бет келуі кәдік. Azattyq Rýhy тілшісі  аймақтық энергия таратушы компания басшысынан жоғарыда келтірілген деректерге қатысты түсінік беруін сұраған. 

Арандатушы кім?

Белгиялық инвестор «Трактабель» компаниясынан мұраға қалған қалалық электр жүйесінде ескі кабельдердің ұзындығы 2,5 мың шақырым. Компания өкілдері тозығы жеткен желілер 65,5% емес 40%-дан аспайтынын алдыға тартады.

«Әрине салада проблема бар. Қазір ескірген желілер 40 пайыз деп отырмыз. Бұның өзі де аз емес, бірақ аталған бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. АЖК 2003-2018 жыл аралығында 38 қосалқы электр станциясын жөндеуден өткізді. Оның ішінде 22 электр бекеті жаңадан салынды. Бұл бағытқа 120 млрд. теңге жұмсалды. Жоғарыдағы мақалада келтірліген деректер шындыққа сай келмейді. Алматыда ауыстыруды қажет ететін кабельдер мен әуе арқылы тартылған электр өткізгіштердің ұзындығы 6 мың шақырым емес, шамамен 2,5 мың шақырым. Біз бұл желілерді мүмкіндігімізге қарай аусытырып жатырмыз»,- дейді «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі Есберген Әбитаев.

АЖК басшысына сенсек, энергияны тасымалдау барысында жоғалатын электр қуаттың көлемі 2002 жылы қалада 28% болса,  қазір ол 13 %-ға төмендеген. Бесжылдық шектік тариф 2015 жылдан бері өзгермеген. Оның құны 5,63 теңге болып келді. Бірақ компания 2020 жылдан бастап тарифті 5,95 теңгеге көтеруді жоспарлап отыр.   

«Тәуелсіз сарапшылар айтып жүрген ауқымды апаттардың болуы мүмкін емес. Қала қара түнекке айналады деген ақпарат меніңше арандату. Себебі біз қайта жаңғыртылған станциялар есебінен электр энергиясымен шаһарды толық қамтамасыз ете аламыз. Ал Алматыға жақын орналасқан аудандарды қаланы айналдыра жасалған 220 кВолттық кернеудегі жүйе қамтып отыр. Жақында «Көкөзек» қосалқы станциясы(құны 1 млрд теңге) іске қосылса, қалаға іргелес салынып жатқа индустриялдық аймақтағы кәсіпорындарды үздіксіз электр энергиясымен жабдықтауға мүмкіндік туады»,- дейді Алатау жарық компаниясының өкілдері.

Жарық жүйесін жаңартуға қанша қаражат керек?

Кәсіпорын басшылары  Алматы қаласы үшін желілерді жаңартуға республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылмайтынын айтады. Шаһарда қуаттылығы жоғары қосалқы станцияларды жаңғырту үшін 33,8 млрд теңге қаражат қажет. Бұл қаржы «Отырар», «Медеу», «Алатау», «РЭС-1», «РЭС-6» сияқты бірнеше электр торабын күшейтуге мүмкіндік берер еді.  Компания бұл мәселені тұтынушы есебінен шешуге мүдделі емес. Сондықтан соңғы бес жылда тарифті көтеруге тапсырыс бермеген. Керісінше  электр тасымалдау жүйесінде тариф 8 пайызға дейін төмендетілген.

Елде энергетика саласын дамытудың нақты жоспары

Ал Петр Своик Жоғарыда келтірілген деректердің шынайылығын білу үшін тәуелсіз техникалық сараптамалар жүргізу керегін айтады. Сарапшы  ҚР Энергетика министрлігі бұл шараны қанша жылдан бері қолға алмай отырғанын, салалық министрлікте елдегі энергетика саласын дамытудың нақты жоспары жоғын  алға тартты.

«Бұл салада екі проблема бар. Біріншіден желілердің тозуы, екіншіден мамандардың сапасыздығы. Әркімнің өз шындығы бар демекші, энергетикалық компаниялар өздеріне қолайлы сандарды айта беруі мүмкін. Ондай мәліметтерге сенуге де, сенбеуге де болады. Себебі оны тексеруге министрлік құлықсыз. Заңнама бойынша тәуелсіз техникалық сараптамалар жүргізу қарастырылмаған.  Жекелеген жобаларға қаражат бөлінеді, әркім өз шама шарқына қарай, оны игеріп, жөндеу жұмыстаны жүргізеді. Бірақ соңғы жылдары Алматыда «АЖК» көптеген қосалқы станцияларды жөнге келтірді. Шаһарда энергия тапшылығы байқалмайды. Бірақ тозығы жеткен желілерді жаңартуға қаражат аямау керек деп санаймын»,- дейді Петр Своик.

Деректер: Аймақтағы энергия таратушы компанияның тарихы 1928 жылы Алматы қаласында әрқайсысы 170 кВт қуатты үш генераторы бар бірінші дизелдік электр станциясы іске қосылғаннан бастау алады. Кәсіпорынды  1996 жылдың тамыз айында  «атышулы» «Трактебель C.A.»(Бельгия) компаниясы жекешлендірді. Ал 2001 жылы энергокомпанияның  100% акциясы Алматы қаласының әкімдігіне өтті. Тек 2009 жылдың 14 шілдесінде «КазТрансГаз» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен «Аалатау Жарық Компаниясы» АҚ-ы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның құрамына кіріп, энергетика тасымалдау саласын өз қолына алды. Кәсіпорын 2019 жылды 2,8 млрд теңге таза табыспен аяқтамақшы.

Ришат Асқарбекұлы, Алматы

http://almaty-akshamy.kz/m-hit-mbetov-alatau-zhary-kompaniyasy-a-bas-arma-t-ra-asy-e-lektr-uaty-bolma-an-zherde-damu-zho/

https://time.kz/news/economics/2019/12/20/besperebojnaya-rabota

https://egemen.kz/article/216347-samuryq-energo-oz-kompaniyalaryn-tsifrlandyrudy-dgalghastyryp-keledi

https://almaty.tv/news/ekonomika/1338-novuyu-sistemu-dlya-res-vnedrili-v-almaty

https://almaty.tv/kz/news/obschestvo/1307-v-almaty-otmetili-den-energetika

https://egemen.kz/article/216561-almaty-dgaryqtan-taryqpaydy

2020

http://almaty-akshamy.kz/megapolis-ma-y-nda-y-audandar-e-lektr-e-nergiyasy-men-amtamasy-z-etiledi/

https://24.kz/ru/news/social/item/368614-podstantsiyu-kaskelen-zapustili-v-almatinskoj-oblasti

https://www.zakon.kz/5003189-novaya-podstantsiya-zarabotala-v-sele.html

https://liter.kz/v-almatinskoj-oblasti-zapustili-podstancziyu-kaskelen/

https://www.dknews.kz/inner-news.php?id_cat=14%20&&%20id=51396

FaLang translation system by Faboba