07.05.2019

img 9727

Ұлы Жеңістің 74 жылдығы қарсаңында «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мекемесі энергетика саласына сүбелі үлес қосқан ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің басын қосып, қаладағы мейрамханалардың бірінде дастархан жайды.
Мәншүк БЕКБОСЫН
Мерекелік жиынға 26-дан аса арда¬герлер мен тыл еңбеккерлері шақы¬рылды. Шара майдангерлердің ерлігі жайлы бейнефильм көрсетуден бастал¬ды. Айтулы шара барысында сөз алған Басқарма төрағасы Мұхит Үмбетов бейбіт өмір үшін, ұрпақтың бақытты болашағы үшін отқа түсіп, қайғы-қасірет шеккен, соның бәрін қайыспай жеңе білген ардагерлердің жанкешті ерлігі мен еңбегі ешқашан ұмытылмай¬тынын айтты. Сонымен қатар, бүгінгі тәуелсіздігіміздің беріктігі, еңсеміздің биіктігі осынау мерекенің жемісі екендігіне тоқталды.
Бүгінде қатарлары сиреп қалған соғыс ардагерлеріне қандай сый-құрмет көрсетілсе де артық емес. Олардың алдында бас ию, ерлікке тағзым ету – бүгінгі қауымның, әсіресе, жас ұрпақ¬тың ең қастерлі борышы. Бұл ретте Жастар жылы аясында «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мекемесі жанынан құрылған Жастар клубының мүшелері соғыс және тыл еңбеккерлеріне лайық¬ты құрмет көрсетіп, ән мен жырдан шашу шашты.
Құттықтауды қабыл алған арда¬герлердің ішінде Ұлы Отан соғысының ардагері Қамбар Сәрсен ата да бар. Қостанай облысының тумасы Қамбар Әмірұлы 1942 жылы 17 жасында әскерге шақырылыпты. Калинин облы¬сын, Белоруссия, Латвия, Литва, Поль¬шаны жаудан азат еткен ол соғыстан соң полковник атанады. Қазақстан ІІМ мемлекеттік күзет қызметі басты¬ғының орынбасары болды. Қамбар Әмірұлы отанға сіңірген адал еңбегі үшін көптеген үкіметтік марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, «КСРО милициясының үздігі» алтын белгісі, Отан соғысының І және ІІ дәрежелі ордендері, ІІ және ІІІ дәрежелі «Даңқ» ордендері, «Қызыл жұлдыз» ордені марапаттарына ие.
– «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Ұлы Отан соғысы ардагерлерін әрдайым назардан тыс қалдырмай, құрметтеп жүретініне дән ризамын. Үлкендерге ізет көрсете білетін азамат¬тар көп болсын. Еліміз тыныш, Қазақ¬станымыз қарыштап дами берсін деп тілеймін, – дейді Ұлы Отан соғысының ардагері Қамбар Сәрсен.
Шара барысында Отан қорғап, өшпес ерлік көрсеткен қарт майдан¬герлерге компания ұжымы сый-сияпат жасап, материалдық көмек көрсетті.

FaLang translation system by Faboba