СМИ о нас
ҰЛТ ЖОСПАРЫ – ЭНЕРГИЯМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ СЕНІМДІЛІГІН АРТТЫРАДЫ
– «100 қадам» – бұл біздің жаһандық және ішкі сын-қатерлерге, сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда 30 дамыған мемлекеттің қатарына ену жөніндегі жоспарымыз. Реформалар Қазақстанның әрбір азаматының тікелей қатысуын талап етеді. Ол тек мемлекеттік машинаның ғана емес, халықтың ісі. Бұл өте ауқымды реформалар Елбасы атап көрсеткеніндей, Мәңгілік елге барар жолдағы баспалдақ емес пе?
– Бүгінгі таңда Қазақстанда инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға бірінші кезекте басымдық беріліп отыр. Мемлекет басшысы «Нұрлы Жол болашаққа бастар жол» атты мемлекеттік бағдарламаны күн тәртібіне қойып, еліміздің таяу болашақтағы индустриялық-инновациялық даму бағдарламасында инфрақұрылымдық дамудың қаншалықты маңызды екендігін атап көрсетті.
Бес институционалдық реформада Елбасы орта тапты жеделдете қалыптастыру үшін жүргізілетін экономикалық реформалар кешеніне айрықша тоқталды. «Сапалық өсімге шығу және экономиканы әртараптандыру үшін біз индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асырудамыз. Ол дер кезінде қолға алынған және аса қажет шара болып табылады. Алайда, өңдеуші сектор әзірше экономикалық өсімнің драйверіне айнала алған жоқ. Өнеркәсіпті дамытудағы индустриялық саясаттың тиімділігі 1 пайызға зорға жетеді», – деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.
Тәуелсіздіктің елең-алаңы 1991 жылдан бастап Елбасымыз талай қиын, кейінге қалдыруға болмайтын міндеттерді елімізде нарықтың шаруашылық механизмін құру, әлемдік қауымдастыққа кіру, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту, тағы да басқа басым бағыттар бойынша ауқымды шаралардың жүзеге асуына қол жеткізді. Осы уақыт аралығында Қазақстан экономикасының барлық саласы бойынша 20-дан астам бағдарлама қабылдаңды. Бұл бағдарламалардың барлығына да Елбасымыздың жыл сайынғы халыққа Жолдауларында алға қойған міндеттерді шешу жолдары негіз етілді. Бүгінде экономикамызды жаңғырту үшін өнеркәсіптің негізгі салаларын дамытуға байланысты қабылданған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының игілігін көре бастады.
– Әлеуметтік-экономикалық және техникалық өзгерістер, сонымен қатар қоғамдық талаптардың күн санап артуы әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қызмет көрсетуде жаңа модельдерді енгізуді талап етеді. Халыққа сапалы қызмет көрсетуді және ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету үшін алдымызға қандай міндеттер қоюымыз қажет және қандай жаңа модельдерді қолдануымыз керек?
– Бұл, әсіресе, Ұлт жоспарының 50-қадамында айқын айтылған. Мәселен, электр энергетикасы саласын қайтадан құру, «бірыңғай сатып алушы» моделін енгізу. Бұл өңірлер арасындағы электр энергиясының әртүрлі тарифтерін реттеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, 51-қадамда өңірлік энергетикалық компанияларды (ӨЭК) ірілендіру турасында да айтылған. Бұл энергиямен қамтамасыз етудің сенімділігін арттырады, өңірлерге электр энергиясын таратудың шығынын төмендетеді, тұтынушылар үшін электр энергиясының ақысын азайтады. Ал 52-қадамда электр энергетикасы секторында салаға инвестиция тартуды ынталандыратын жаңа тариф саясатын енгізу ұсынылған. Әрине, тариф құрылымын өзгерту келелі мәселе. Тарифтерде 2 құрауыш ерекшеленеді: бұл бойынша күрделі шығындарды қаржыландыру және электр энергиясы өндірісінің шығындарын жабу үшін ауыспалы пайдаланылатын электр энергиясы үшін төленетін ақы белгіленетін болады. Бұл «шығынды өтеу» әдісі бойынша тарифтерді бекітетін қазіргі ахуалды өзгертуге мүмкіндік береді.
Президент Ұлттың 2050 жылға дейінгі жаңа саяси бағытын ұсынғанда пайда табу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу қағидатына негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматикалық көзқарастар мен ұстанымдарды түбегейлі өзгерту талабын қойғаны белгілі. Осыған орай, елімізде экономикалық әлеуетті арттыру мақсатында қолайлы экономикалық ахуал құру, бұл саладағы белсенділікті арттыру, одан алынатын кірістілік пен қайтарымды молайту жолдары жан-жақты қарастырылып келеді.
Индустрияландыру және экономикалық өсімсіз Қазақстанның болашағын көзге елестету қиын. Елбасының әр Жолдауы бұл мәселелерді айналып өткен емес. Ұзақ мерзімді бағдарламаларда мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға Әлемдік саясат пен экономиканың жаңа сынақтары ел тағдырына ықпал етеді. Қазір жаңа әлемдік тәртіп, алгоритмі мен қызмет етуі анықталып, қалыптасып жатыр. Сондықтан бүгін таңдалған модель қай мемлекеттің болсын болашағына әсер етеді.
Ұсынылған 5 президенттік реформа Қазақстанның жаңа күн тәртібін құрып, посткеңестік кеңістік үшін модернизацияның тартымды трендін қалыптастырады.
Ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру кешенді түрде қарастырылып, серпінділік даму жолымызда алдымен заманауи озық технологиялар мен әбден екшелген озық әдіс-тәсілдерге жүгінетіміз рас. Сол себепті, алға қойған мақсаттарға дәйекті де табанды түрде қадам басудың басты қағидаттары Мемлекет басшысы ұсынған институционалдық реформалар да жан-жақты қарастырылған.
– 52-қадамда электр энергетикасы секторында салаға инвестиция тартуды ынталандыратын жаңа тариф саясатын енгізу қазіргі ахуалды өзгертуге мүмкіндік берері сөзсіз. Тәжірибе керсетіп отырғандай, күрделі шығындарды қаржыландыру және электр энергиясы өндірісінің ауыспалы шығындарын жабу үшін пайдаланылатын электр энергиясы үшін төленетін ақы белгіленсе, мұның өзі тұтынушылар үшін де тиімді болар еді.
– Біздің әлемдегі озық 30 елдің сапында болуымыз Қазақстан Республикасының абыройы. Бұл қадамнан қайтуға болмайды. Оған жету халықтың ішкі сеніміне, айқын ұмтылысына байланысты. Әрине, заман ырғағына қарағанда оған жету оңай шаруа емес. Бірақ, Елбасы бастамаларының әрқашан жемісті болуы, қайтарымының әлем назарына шалынуы қазақстандық жігерді қайрай түсетініне сенімдімін. «Алатау жарық компаниясы» Алматы қаласы мен Алматы облысының 2,5 миллион тұрғынын жарықпен қамтамасыз етіп отыр. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық өсу қарқынын есептей отырып және Алматы аумағының жаңадан қосылған аудандарын есептей келе, 2030 жылға дейін сала бағытын күшейту жұмыстары қолға алынуда. Алматы қаласын көркейту және абаттандыру бағдарламасы бойынша және қаланы энергиямен қамтамасыз ету модернизациясын қосымша жүргізу қолға алынуда. Осыған сай 2014 жылы «Алматы–5000» қосымша стансасын іске қостық. Азиада ойындары кезінде электроэнергия жүйесі түбірімен модернизацияланды. Мұның ықпалы кейін Алматы метрополитенін үздіксіз жарықпен қамтамасыз етуге әсер етті. Оған қосымша Алматы қаласы мен облыстың 780 мың абонентіне қалтқысыз қызмет көрсетуге жетті.
– Мемлекеттік саясатқа сай электр энергетикасындағы тарифтерді реттеуге орай, өзге өңірлерге үлгі тұтар жұмыс Алматы қаласында бар ма?
– Әрине, бар. Алматы аймағында «АЖК» акционерлік қоғамы тұрақты және белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Бірізділік қалыптасып, тұрақтылық орнаған. Бұл – ел үшін мүмкіндіктер жолын ашатыны хақ.
«Нұрлы жол» — «2050» Стратегиясының негізі болса, Стратегиямыздың өзі бізді сыртқы әсерлердің салқынынан қорқу дертінен біржолата айықтыратын аса қажетті бағдарлама. Демек, Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадамы» жоғарыда аталғандардың бәрін арман емес, өміріміздің, тұрмыс-тіршілігіміздің нақты көрінісіне айналдыратын әрекет деп қарастыруға болады.
«100 нақты қадамда» «2050» Стратегиясын жүзеге асырудың, елді дамытудың нақты тетіктері айтылған. Онда ішкі және сыртқы инвестицияға басымдық берілетіні атап керсетілген. Отандық және шетелдік инвесторларды ынталандырудың жолдары белгіленген. Ең қуаныштысы, даму тетіктері өзгенің емес, өз қолымызда екендігінде болып отыр. Егер ішкі мүмкіндікті қосу – дамуды жеделдететін жалғыз жол десек, ол мүмкіндіктер Қазақстанда молынан. Сондықтан «100 қадам» институционалдық бес реформаның нақты атқарылатын істері десек, онда осылардың барлығы да «2050» Стратегиясын мүлтіксіз жүзеге асыру үшін жасалатын басты қажеттіліктер.
– Әңгімеңізге рахмет!
Әңгімелескен – Ермек ЖҰМАХМЕТҰЛЫ.