«Almatynews» АА

Категория:Қоғам

28.08.2015 16:45

 

Алматыда Конституция күні жоғары деңгейде аталып өтуде. Айтулы мерекені тойлауға сыбана кіріскендердің қатары қалың. Соның бірі «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ. Аталған компания бүгін Конституциясының 20 жылдығына арналған салтанатты жиын өткізді, деп хабарлайды АlmatyNews AA-нің тілшісі.

Шарада компанияның Басқарма төрағасы Мұхит Үмбетов қызметкерлерді келе жатқан мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

«...Біз бүгін еліміздің Ата Заңының арқасында еркін еңбек ету, бейбітшілік пен ынтымақтастықта өмір сүру құқына иеміз. Елбасы өз сөзінде «Іс жүзінде қазіргі Конституциямыздың иесі Қазақстан халқы, сондықтан бұл еліміздің Негізгі Заңына тек жоғары заңдық мәртебе ғана емес, сонымен бірге рухани-адамгершілік күш-қуат та бере түседі» деген болатын. Осы ретте, миллиондаған қазақстандықтар еліміздің бүгінгі жетістігін демократиялық қоғамға қойылар басты талаптарға сай келетін Конституциямыз бен дұрыс бағдар таңдаған Елбасымыздың ерен еңбегі деп бағалайды» - деп атап өтті компания төрағасы.

Салтанатты жиын барысында Мұхит Үмбетов компания қызметкерлері Владимир Тю мен Василий Никитиндерге «Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл» медалін табыс етті.

Жиынның соңы мерекелік концертке ұласты.

 

FaLang translation system by Faboba