СМИ о нас
АЖК АҚ 2014 ЖЫЛДЫ ЖАҚСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Баяндамада көрсетілген тақырыптар бойынша тыңдалым қатысушылары сауалдарын қойып, талқыға салды. Сондай-ақ, өз пікірлерін және ұсыныстарын білдіріп жатты.
Барлық қойылған сұрақтар бойынша «АЖК» АҚ өкілдері — М.Үмбетов, Т.Иппергенов, Б.Бабенцов түсініктемелер берді. Ал, электр энергиясын ұрлауды жою бойынша қабылданған шаралар мәселесі бойынша «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары С.Аришев мырза түсіндіріп берді.
Іс-шараны аяқтау кезінде Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаменті басшысының міндетін атқарушы А.Рахимбаева Компанияның 2014 жылды жақсы көрсеткіштермен аяқтағанын атап өтті. Департамент сарапшылары 2014 жылдың қорытындысы бойынша компанияның жұмысын жақсы деп бағалаған.
«Алатау жарық компаниясы» АҚ ұжымы 2015 жылы да жұмыс қарқынын бәсеңдетпей, табысты жүргізуге ниетті.
Абылай БЕКБОСЫНОВ,
«АЖК» АҚ баспасөз қызметі.