2019 жылғы 13 тамызда сағат 17:42-де қосалқы станцияның сыртындағы кәбілдік каналда 6-10кВ қуат кәбілдерінің тұтануы нәтижесінде Алматы қаласындағы №168А «Есентай» қосалқы станциясында электр энергиясының ішінара ажыратылуы орын алды.

Қазіргі уақытта тұтынушыларды басқа қосалқы станцияларға ауыстыру, сондай-ақ бүлінген кәбілдерді жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мамандары проблемаларды тезірек шешуге және барлық тұтынушыларды мүмкіндігінше тез байланыстыруға бар күшін салады.

Жедел-шақырылым тобы электрмен жабдықтауды қалпына келтіру және ақаулықтарды жою бойынша жұмыс істейді. Келтірілген залалдың себептері анықталуда. Мегаполистегі жағдай бақылауда.

Уақытша қолайсыздықтар үшін қала тұрғындары мен қонақтарынан кешірім сұраймыз.

FaLang translation system by Faboba