Новости
Алға, «Alataý jastary»!
- Подробности
- Опубликовано: 06 мая 2019
Өткен демалыс күндері «Alataý jastary» жастар ұйымы компанияның жастары үшін тимбилдинг ұйымдастырды. Тимбилдингте компанияның әр басқармасының, қалалық және облыстық ЭТА-ның 100 таман жас мамандары қатысты.
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ басшылығы тимбилдинг өткізу идеясын қуана қолдады, өйткені ұйымшыл ұжым компанияныі табысты дамуының кепілі болып табылады. Жекелеген бірлікті біріктіру нәтижесі, жай ғана олардың сомасына қарағанда, әлдеқайда көп мүмкіндік береді, соны есте сақтау маңызды болып табылады. Мамандардың арасындағы байланысты мықты қалыптастырғанның, біртұтас команда құрғанның арқасында компанияның тиімділігін арттыруға және жоғары нәтижелерге қол жеткізуге болады.
Тимбилдинг шуақты күні таза ауада «Ақ-Бұлақ» биік таулы курортында өтті, атап өтсек керемет орын. Оның үстіне, ауа-райы барлығын аса қуантты, себебі, соңғы күндері нөсер жауын жауған.
Сонымен қатар, қатысушылар өз контактілерінің шеңберін кеңейту, бір-бірімен жақынырақ танысу және нетворкингін дамыту үшін түрлі ойындарда командалар түрліше бөлінді. Бұл ұйымдастырушылардың тамаша идеясы болды!
Іс-шара тек спорттық ғана емес, интеллектуалдық және мәдени бағыттармен қатар өтті.
Күннің бірінші жартысында бизнес-жаттықтырушы Жукупбаев Галым тренинг өткізді, онда команда құру маңыздылығын айтып өтті. Талқылау барысында қатысушылар белсенді қатысып, ойынға көшті. Этно-ойнында киізде ең креативті сурет салу керек болатын, бірінші көзқарастағыдай, жеңіл ойын болмай шықты, дегенмен қатысушылар өте жақсы орындап жүлделі орындарға ие болды.
«Жұмысына деген жауапты көзқарасы, ынтасының өсіуі, даму, ортақ іске үлес қосу қызметкерлерде өзімен өзі пайда болмайды, сондықтан компанияның қызметкерелеріне қатысты басты мақсаттарының бірі тек материалды ғана емес, әлеуеттік әрі психологиялық мотивация мен ынталандыру болып табылады. Адамның қайда және кім болып жұмыс істейтініне қарамастан, оған өзінің таптырмайтылығын сезіну, ұжымның бір бөлігі және бір команда болуы маңызды. Тек сонда ғана ол барлық жүз пайызға ашылып, қабілеттерін көрсетіп, әріптестерімен бірыңғай мақсаттар үшін бірігеді», - деп атап өтті бизнес-жаттықтырушы Жукупбаев Галым.
Дәмді түскі астан кейін қатысушылар жігерленіп, ұйымдастырушылардың дайындап қойған би, ән, ойындарына белсенді қатысуға дайын отырды. Ойындар өте қызықты өтті, алаңда ықыластық және жеңіл бәсекелестік атмосферасы сезілді.
«Сауатты ұйымдастырылған тимбилдинг іс-шараның: ұжымның ұйымшылдығы, бірлік пен командалық рух сезімдерінің пайда болуы, әріптестер өздерінде салауатты бәсекелестікті және белсенді ынтымақтастықты дамытуы, жұмысқа деген уәждемесінің пайда болуы, жалпы, қызметкерлер «психологиялық қайта жүктеу» алып, жаңа жетістіктерге күш қосу мақсаттарында оңай қол жеткізуге мүмкіндік береді. Біз қойған мақсаттарымызға қол жеткіздік деп сенеміз және алдыңғы уақытта осындай іс-шараларды жие өткізуге тырысамыз. Жастардың жоғарғы көңіл-күйлері бізді қуанттып отыр», - деп өзінің әсерімен жастар ұйымының төрағасының орынбасары Егенбердіұлы Нартай бөлісті.
Сонымен қатар, өткізілген іс-шара арқасында жастар кеңесінің мүшелері әрі қарай жұмыстарға жас мамандардың арасынан көшбасшыларды, белсенді, дарынды және бастамашыл жастарды анықтады.
Жастар қоғамның ең икемді, ұтқыр және динамикалық санаты екенін айта келіп, олар өзгерістердің көзі болып табылатыны және олардың сарқылмас күш-қуатының арқасында компания республикалық деңгейде жылжыту бағытындағы жобаларды асыру мүмкіндігі анық.