«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Бастауыш ардагерлер ұйымы құрылды.

Осы жобаны іске асыру шеңберінде «АЖК» АҚ Басқарма Төрағасы Үмбетовтың М., Қазақстанның энергетиктер ардагерлері кеңесінің мүшелері Трофимовтың А. және Ерекешевтің Е., «Серіктес» кәсіподағының төрағасы Тогайбекованың М., ардагерлер жұмысы бойынша ұйымдастыру комитетінің мүшелерінің қатысуымен кездесу өтті. Кездесу барысында Бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы мен ардагерлер кеңесінің мүшелері тағайындалды.

«Ардагер – құрметті, ардақты, қадірлі тұлға. Елінің елеулі еңбек сіңірген абыройлы адамды халық жоғары бағалайды. Сіздер жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуде, аға ұрпақтың ақылы мен тәжірибе таратудың маңыздылығын түсініп, ынтымақтаса жұмыс істеуге алға қадам жасап отырғандарыңызға қуаныштымыз», - деп «АЖК» АҚ Басқарма Төрағасы Үмбетов Мұхит Әбікеұлы ризашылығын білдірді.

Компания жастарға арналған жобаларды іске асыру және дамытумен қатар ардаргерлерге де аса көңілін білдіруде. Өйткені, компанияның өркендеуі, өткен жылдардағы жеткен жетістіктері тек бүгінгі ардагерлердің еңбегінің арқасы екені мәлім.

Сонымен қатар, кездесу барысында ардагерлер жұмыстары бойынша   кеңесші, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті ардагері Тілеубаев Төлеуғали Әлкейұлы сөз алды.

«Бастауыш ардагерлер ұйымының мақсаттары - ардагерлердің қоғамдық бірлігін, келісімі мен тұрақтылығын нығайту жөніндегі жұмысқа қатысу, тұрмыс жағдайын, оларға қызмет көрсетудің мәдени-тұрмыстық және басқа түрлерін жақсартуға жәрдемдесу, ардагерлердің жастарды аға-ұрпақтың еңбек даңқы дәстүрінде, оларды казақстандық патриотизм сезіміне баулуға қатысу болып табылады», - деп ол атап өтті.

Ардагерлер осы жаңадан пайда болған ұйым компаниямен ардагерлердін арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, еңбек әулеттері әрі компанияның дәстүрлерінің дамуына және берік негізін қалыптастыруына айналады деген ниеттерін білдірді.

FaLang translation system by Faboba