Новости
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ тұтынушыларға арналған кездесу өткізді
- Подробности
- Опубликовано: 04 апреля 2017
«Алатау Жарық компаниясы» АҚ тұтынушыларды сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету және «Doіng Busіness» бағдарламасының орындалуына қатысты тұтынушыларға арналған кездесу өткізді. Оған аталмыш компанияның басқарма төрағасы Мұхит Үмбетов, ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары Абай Шаңғытбаев, комитеттің нормативтік-техникалық қамтамасыз ету басқармасының жетекшісі Жасұлан Қасенов, комитеттің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментінің басшысы Ерлан Нұркерімов, Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерболат Аманғалиев, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС өкілдері, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасының өкілі Мариям Хасанова және т.б. электр қуатымен жабдықтаушы ұйымдардың басшылары қатысты.
Тұтынушылар, шағын және орта бизнес иелері энергетик мамандарға өздерінің көкейіндегі сұрақтары мен ұсыныстарын жеткізіп, толық әрі нақты жауаптарын алды. Сондай-ақ, тұтынушылар қозғаған мәселелер энергетика саласы басшыларының жеке бақылауына алынды.