Новости
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ дөңгелек үстел өткізді
- Подробности
- Опубликовано: 24 февраля 2017
23 ақпан күні «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ – да тұтынушыларды электр қуатына қосу және оны техникалық жаңарту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты Алматы қаласы мен облысы тұтынушыларын электр қуатымен жабдықтау сенімділігін арттыру.
Шараға электр қуатымен жабдықтаушы ұйымдар мен тұтынушылар, шағын және орта бизнес кәсіпкерлері, заңды және жеке тұлғалар, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ басшылығы, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментінің басшылығы, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС өкілдері қатысты.
Жиында тұтынушылар көкейде жүрген сауалдарына жан-жақты жауап алды. Қойылған сауалдардың негізгілері электр энергиясының куатын арттыру және осы мақсатта қандай құжаттар дайындау сынды негізде болды. Өз кезегінде, мамандар қойылған сұрақтарға жан-жақты тоқталып, өз ойларын ортаға салды. Жиын соңында энергетиктер тұтынушыларға осындай игі шаралардың жиі өтіп тұратынын айтып, кез-келген уақытта көкейдегі сауалдарына жауап ала алатынын жеткізді.