Новости
"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ Елбасы күнін атап өтті
- Подробности
- Опубликовано: 30 ноября 2016
Қарашаның 30 күні «Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамында ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік жиын Қазақстан Республикасысың мемлекеттік Әнұранымен басталды. Өз кезегінде сөз алған «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы Мұхит Үмбетов - әріптестерін айтулы мерекемен құттықтап, Елбасының еліміз үшін жасап жатқан келелі істеріне жан-жақты тоқталды.
Айтулы шара барысында ардагер энергетик - Есберген Әбітаев, «Серіктес» кәсіподағының басқарма төрайымы - Меруерт Тоғайбекова және жас энергетиктердің атынан - Самат Жалғасбаев сөз алып, өз құттықтауларын жеткізді. Сөз алғандар Елбасының атқарған игі істеріне тоқталып, ұстанған салиқалы саясатын қолдайтынын жеткізді. Мерекелік шара «Таудан ұшқан тас түлек» атты деректі фильмді тамашалаумен жалғасты.