Желтоқсанның 22 күні «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ энергетиктер күніне арналған салтанатты іс-шара болып өтті. Шараға Алматы қаласы әкімдігінің энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ермек Үсенбаев, Алматы облысы әкімінің өкілі Мадияр Әмірғалиев, Қазақстан энергетика ардагерлері кеңесінің төрағасы Советхан Нұрпейісов және «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Мұхамед-Рахимов, сондай-ақ, ардагер энергетиктер қатысты. Мерекелік жиын Басқарма Төрағасы Мұхит Үмбетовтың құттықтау сөзімен басталды. Өз сөзінде: «Құрметті әріптестер және жиынға қатысушы қонақтар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Энергетиктер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Энергетика – бұл кез келген қоғамның, сол қоғамда қарыштап дамып отырған экономиканың алтын өзегі. Сондықтан энергетик – мақтанып-марқаюға тұрарлық кәсіп. Сіздер осындай мамандықты ел игілігіне иліктіре білген киелі кәсіп иесісіздер», деп лебізін білдірді.

 

Сондай-ақ, Алматы қаласы мен облысы әкімдігінен келген Ермек Үсенбаев және Мадияр Әмірғалиев құттықтау сөз алып, қызметкерлерге Алматы қаласы әкімінің және Алматы облысы әкімінің алғыс хаттарын өз қолдарымен табыстады. Мерекелік жиынға келген қонақтар да сөз алып, әріптестерін энергетиктер күнімен құттықтады.

         

Төл мерекеге орайжыл сайын энергетика саласында ұзақ жылдар бойы аянбай еңбек еткен қызметкерлер сый-құрметке бөленіп, марапатталып келеді. Сондай-ақ, «АЖК» АҚ «Құрмет Кітабына» еніп отырады. Биыл да осы дәстүр бойынша құрметті азаматтар марапатталды. Мерекелік кеште ең алдымен энергетика саласының дамуына айтулы үлес қосқан Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне Басқарма Төрағасының кеңесшісі Есберген Әбітаев «Ардагер энергетик» төсбелгісін табыстап, иықтарына шапан жапты.Сонымен қатар, Басқарма Төрағасы Мұхит Үмбетов Мемлекеттік «Құрмет орденін» Қарасай ЭТА бас инженері Қайыпберген Мұратбаевқа, «ҚР Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалін Күрделі құрылыс Басқармасының басқарушы директоры Александр Кац және «Еңбек Ардагері» медалін электр жабдықтарды жөндеу цехының электро-слесарі Ерасыл Төлемісовке өз қолымен табыстап, құттықтады. Сондай-ақ, компанияның жүзден аса белсенді қызметкерлеріне ТМД, Казақстан Энергетика Ассоциациясының, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің және «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының, «Самұрық-Энерго» АҚ, «KAZENERGY» Ассоциациясының, Алматы қаласы мен облысы әкімінің және «АЖК» АҚ «Құрмет Грамотасы» табысталды. Сонымен қатар, «Серіктес» жергілікті кәсіподағының төрайымы Меруерт Тоғайбекова энергетиктерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, компания қызметкерлерін алғыс хатпен марапаттады.

Айтулы мерекелік жиын концерттік бағдарламаға ұласты.

FaLang translation system by Faboba