Новости
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ ҚР Тұңғыш Президенті күнін атап өтті
- Подробности
- Опубликовано: 02 декабря 2015
Қарашаның 30 күні «Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамында ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік жиын ҚР Әнұранымен басталып, Басқарма Төрағасы Мұхит Үмбетовтың құттықтау лебізімен жалғасты. Өз сөзінде: «Қадірменді әріптестер! Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Алдымызда әлі талай алар биік белестер бар. Лайым, осы белестерді Елбасымен бірге бағындырып, жұмыла жұмыс істейік! Баршаларыңызға бақыт пен береке, бірлік, күш-жігер тілеймін!» деп, «АЖК» АҚ ұжымын құттықтап қана қоймай, сиясы әлі кеппеген Елбасының Қазақстан халқына жолдауына тоқталып, айтылған тың идеялармен бөлісті. Айтулы шара барысында Қалалық бөлу тораптары Басқармасының басшысы Күбегенов Мадияр, Облыстық электр тораптары Басқармасының бөлім басшысы Зықаев Қанат баяндама оқыды. Сондай-ақ, ардагер энергетик Есберген Әбітаев, «Серіктес» кәсіподағының басқарма төрайымы Тоғайбекова Меруерт және жас энергетиктердің атынан Жалғасбаев Самат сөз алып, құттықтауларын жеткізді. Сөз алғандар Елбасының атқарған игі істеріне тоқталып, ұстанған салиқалы саясатын қолдайтынын жеткізді.