Бүгін, тамыздың 28 күні «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-да Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті.

Мерекелік шараны Компанияның Басқарма Төрағасы Мұхит Үмбетов ашып: «...Біз бүгін еліміздің Ата Заңының арқасында еркін еңбек ету, бейбітшілік пен ынтымақтастықта өмір сүру құқына иеміз. Елбасы өз сөзінде «іс жүзінде қазіргі Конституциямыздың иесі Қазақстан халқы, сондықтан, бұл еліміздің Негізгі Заңына тек жоғары заңдық мәртебе ғана емес, сонымен бірге, рухани-адамгершілік күш қуат та бере түседі» деген болатын. Осы ретте, миллиондаған қазақстандықтар еліміздің бүгінгі жетістігін демократиялық қоғамға қойылар басты талаптарға сай келетін Конституциямыз бен дұрыс бағдар таңдаған Елбасымыздың ерен еңбегі деп бағалайды» - деп атап өтті компания төрағасы.

Сондай-ақ, Мұхит Үмбетов компания қызметкерлері Владимир Тю мен Василии Никитиндерге «Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл» медалін салтанатты түрде табыстады. Аталған шара мерекелік концертке ұласты.

FaLang translation system by Faboba