Новости
100 нақты қадам
- Подробности
- Опубликовано: 27 августа 2015
2015 жылдың 27 тамызында «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, оның алдын алу және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын насихаттау мақсатында компания басшылығы және қызметкерлерімен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті қызметкерлерінің кездесуі өтті.
Аталған департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту жұмыстары және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Мақсатхан Анапин, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынған 2015-2025 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын түсіндірді. Сондай-ақ, қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасты.
Кездесу барысында сөз алған компания бас инженерінің орынбасары Қали Сахарханов кездесудің маңыздылығына тоқталып, компания қызметкерлерінің Елбасының жүргізіп отырған саясатын қолдайтынын жеткізіп, шараға қатысушыларға алғысын білдірді.