Қарашаның 28 күні «Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамында ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік жиын - Басқарма Төрағасы Мұхит Үмбетовтың құттықтау лебізімен басталды. Өз сөзінде: «Қадірменді әріптестер! Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Алдымызда әлі талай алар биік белестер бар. Лайым, осы белестерді Елбасымен бірге бағындырып, жұмыла жұмыс істейік! Баршаларыңызға бақыт пен береке, бірлік, күш-жігер тілеймін!» деп, «АЖК» АҚ ұжымын құттықтап қана қоймай, Елбасының атқарып жатқан игі істеріне де тоқталып өтті. Айтулы шара барысында Есберген Әбітаев, Сағатбай Қосаумасов сияқты ардагер энергетиктертер де сөз алып, құттықтауларын жеткізді.

Елбасы күніне арналған мерекелік шара құттықтаулардан соң, ҚР Тұңғыш Президенті жайлы көркем фильмімен жалғасты. Нұрсұлтан Назарбаевтың сара жолда ұстанған салмақты да салиқалы саясаты, атқарылып жатқан жемісті де жеңісті істері туралы көрсетілген фильм ұжым көңілінен толықтай шықты деуге болады. Фильмнен соң, айтулы мереке №12 музыка мектебі балаларының қойған мерекелік концертке ұласты. 

FaLang translation system by Faboba