Баспасөз баяны
Баспасөз баяны Күзгі-қысқы маусымға дайындық
- Толығырақ
- Жарияланды 03 Қазан 2016
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ – Алматы қаласы мен облысының 2,5 млн астам тұрғынын жарықпен қамтып отырған, сондай-ақ өндірістік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге және ауыл шаруашылығы қожалықтарына электр қуатын жеткізумен және таратумен айналысатын республика оңтүстігіндегі ең ірі энергетикалық жүйе.
«Қыстың қамын жаз ойлаған» алматылық энергетиктер алдағы маусымға дайындық жұмыстарын күні бұрын бастап кеткен. Алдын-ала болжам бойынша 2016-2017 жж күзгі-қысқы маусымда (қазан-наурыз айлары аралығында) Алматыэнергожүйесінде электр қуатын тұтыну 1 450 МВт-ты құрайды. Бұл өткен кезеңмен, яғни 2015-2016 жылдармен салыстырғанда 11,1%-ға артық. Алып шаһар тұрғындары тұтынатын жарықтың көбі Алматы электр стансаларынан (ЖЭО-1, ЖЭО-2, ЖЭО-3, Қапшағай ГЭС, Каскад ГЭС) алынады. Санмен сөйлетсек, бұлар 62 пайызын қамтиды. Ал, қалған 38 пайызын еліміздің өзге өңірлеріндегі, атап айтқанда Екібастұз, Жамбыл Мойнақ электр стансаларынан түседі.
Айта кетейік, «АЖК» АҚ нысандарын алдағы қысқа дайындау бойынша жөндеу жұмыстары жоспарға және бекітілген кестеге сай жүргізіліп, толық орындалды. Мәселен, 660,4 шақырым 0,4 кВ-тық және кернеуі одан да жоғары әуе және кабель желілері жөндеуден өтті. Сондай-ақ қуаты 35-220 кВ-тық 64 қосалқы станса, кернеуі 6-10/0,4 кВ-тық 63 трансформатор, кернеуі 35 кВ-тық және одан да жоғары 129 трансформатор, қуаты 6-10/0,4 кВ-тық 640 РП және ТП жөнделді.
Қазіргі уақытта кәсіпорынның қысқы маусымға дайындығы туралы Төлқұжаты ҚР энергетика Министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінде қаралып, дайындалу үстінде.
ҚР Энергетика министрлігі бекіткен «АЖК»АҚ-ның 2016 жылға арналған инвестициялық бағдарламасында Алматы қаласы бойынша 10 млрд. теңгеден астам қаржыны игеру қарастырылған.
2016-2017 жж күзгі-қысқы маусымға дайындық шаралары аясында әлі бірқатар шаруаларды бітіру қажет. Мәселен, қуаты 110 кВ-тық «Ерменсай-ҚазГУ» қосалқы стансаларының құрылысы бойынша 6,67 шақырым кабель желілері, Электр желілерін жаңғырту бойынша кернеуі 0,4 кВ-тық 202 шақырым әуе желілерін ауыстыру, қолданыстағы 66 дана ТП-ны жаңғырту немесе жаңалау қажет.
«АЖК» компаниясы биыл бірқатар жобаларды жүзеге асыруға білек сыбана кірісті. Негізгілеріне тоқталсақ, қуаты 110/10/6 кВ-тық «Түрксіб» қосалқы стансасының құрылысын 2017 жылдың екінші тоқсанына дейін бітіріп, пайдалануға беруді және «Алмалы» 150А-ҚС және жаңадан салынған «Медеу» және «Шымбұлақ» ҚС-дан қолданыстағы 6 кВ тораптарын 10 кВ кернеуге көшіріп, ЭКЕАЖ құру (жасау) жұмыстарын жоспарлап отыр.
Ерекше айта кету керек, мемлекет Басшысының, Үкіметтің, Алматы қ. әкімдігінің қолдауы арқасында республикалық бюджеттен 6,7 млрд. теңге сомаға, №131А «Горный гигант» 220/110/10 кВ-ҚС-ның жүктемесін №160А «Ерменсай» 220/110/10-10 кВ-ҚС-на көшіру» жобасы қаржыландырылатын болады.
Бұдан өзге, электр қуатын коммерциялық есептеудің автоматтандырылған жүйесін енгізіп жатыр. Айта кетейік, бұл жоба 2013 жылы қолға алынған болатын. Электр қуатын коммерциялық есептеудің автоматтандырылған жүйесіне бүгінде 130 мың тұтынушы қосылған. Жоба электр қуатын есептеудің нақтылығын арттырып, шығындарды төмендетуге, сондай-ақ есептеуіш құралдарындағы көрсеткіштерді жазатын бақылаушыларды қысқартуға мүмкіндік береді. Бастысы «АЖК» АҚ қызметкеріне электр тұтыну бойынша нақты мәлімет алуды қамтамасыз етеді.
Электр энергиясының шығындарын азайту – «АЖК» АҚ компаниясының басты міндеттерінің бірі. Былтыр аталған компания «2014-2019 жж арналған электр желілеріндегі энергия тиімділігі және қуат үнемдеу бағдарламасын» жасап, бекіткен болатын. Бүгінде бұл бағдарлама тиімділігін көрсетті. Мәселен, 2010 жылы электр қуатының шығындары 18,86%-ды құраса, 2015 жылы 14,3 %-ды көрсетті.
Қала күннен – күнге қарыштап дамып, ауқымы кеңеюде. Бүгінде «Қолжетімді баспана – 2020» мемлекеттік бағдарламасы қарқынды жүзеге асуда. Бұл электр қуатын қажет ететін мыңдаған жаңа пәтерлер деген сөз. Сондықтан ағымдағы жылы компания «Түрксіб» қосалқы стансасының құрылысын бастамақ. Әлеуметтік маңызы бар жоба нысандарды үздіксіз жарықпен қамтамасыз етуге септігін тигізбек.
Алматының батыс бөлігі де кеңейіп, Наурызбай ауданы құрылып, құрылысқарқынды жүріп жатыр. Соған байланысты жаңа құрылған аймақ тұрғындарын үздіксіз әрі сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылдың маусым айында «АЖК» АҚ компаниясының №3 аудандық электр торабы құрылды.
Қазіргі таңда алып шаһар 2017 жылы өтетін қысқы Универсиадаға дайындалып жатыр. Осы ретте де «АЖК» АҚ «Универсиада-2017» спорт және әлеуметтік-мәдени нысандарын үздіксіз әрі сапалы электр қуатымен қамтамасыз етуде бірқатар шараларды жүзеге асырмақшы.
«АЖК АҚ басшылығы қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру, шеберліктерін шыңдау, электр тарату желілерінде қызмет көрсету барысында жарақаттану деңгейін төмендетуге де жіті көңіл бөледі. Қызметкерлердің білім деңгейін көтеру мақсатында Мәскеу, Санкт-Петербор қалаларына, сондай-ақ алыс-жақын шетелдерге де оқытуға жіберіп тұрады. Бұдан өзге түрлі сайыстарға қатысып, өз істерінің хас шебері екенін дәлелдеуде. Бір ғана мысал, биыл экономикалық қиындықтарға қарамастан компания электр желілерін жедел жөндеу бригадалары арасында республикалық жарыс өткізуге мұрындық болып, жетекші екендігін тағы бір рет дәлелдеді. Энергетиктер сайысы сәтті өтті. «АЖК» АҚ ұжымы бас жүлдені иеленді.
Алматы қаласы мен облысы тұрғындарын жарықпен үздіксіз қамту, халықтың әл-ауқатын жақсарту, энергетика саласындағы негізгі қорларды жаңарту сынды орасан зор жұмыстардың басында «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ тұрғандығын айта кеткен жөн.
Байланыстар:
ЖҚКО директоры: Найзабек Олжабайұлы
Алматы Энергокешенінің қоғаммен байланыс бойынша Жалпы қызмет көрсету орталығы (ЖҚКО)
тел.: +7 (727) 356 04 31, +7 (727) 356 04 05
«АЖК» АҚ баспасөз қызметі
Тел: +7(727) 376 19 46
Ұялы тел: +7 701 529 50 81