Баспасөз баяны
Наурызбай ауданындағы жаңа АЭЖБ-нің ашылу
- Толығырақ
- Жарияланды 25 Қараша 2015
Алматы қаласы әкімдігінің 02.07.14 ж. № 3/522 қаулысы және V сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХІX сессиясының 02.07.14 ж. №240 бірлескен шешіміне сәйкес «Наурызбай ауданын құру және Алматы қаласы аудандарының шекараларын белгілеу туралы» шешім қабылданды.
Қаулыны жүзеге асыру барысында қала шекарасының кеңеюімен бірге қалалық коммуналдық шаруашылықтардың қызмет көрсету алқабы да айтарлықтай кеңейді. «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің қызмет саласында да аумақтық-құрылымдық өзгерістер орын алды. Енді елді мекен және тұрғын алқаптарын энергиямен жабдықтаудың облыстық қызметтері қалалық қызметтерге ауыса бастады.
Жаңа құрылған Наурызбай ауданының абоненттеріне қолайлы және тиімді қызмет көрсету мақсатында «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің құрылымында 3-АЭЖБ аудандық бөлімшесі ашылды. Осы уақытқа дейін Наурызбай ауданының абоненттеріне Таугүл ықшам ауданында орналасқан Әуезов ауданының 7-АЭЖБ мен Қаскелен АЭЖБ-де қызмет көрсетілген болатын.
3-АЭЖБ-нің қызмет көрсету аумағына жақында қалаға қосылған Қарағайлы, Ақжар, Құрамыс, Шұғыла, Таусамалы, Таужолы, Тастыбұлақ, Наурыз және т.б. мекендері кірді. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ң қарамағындағы электр желілері, құрал-жабдықтары (подстанциялар, трансформаторлы подстанциялар және т.б.) Наурызбай ауданына тіркеліп берілгесін, тиісінше осы желілерді пайдаланатын абоненттер 3-АЭЖБ-не ауысатын болады. Келесі 2016 жылы Наурызбай ауданына желілерді өткізіп беру және тұтынушыларын электр қуатымен жабдықтау шарттарын қайта рәсімдеу жұмыстарын толық аяқтау жоспарланып отыр.
- Қазіргі таңда 3-АЭЖБ-де қызмет көрсетілетін тұтынушыларының жалпы саны 11723 абонентті құрады.
- Оның ішінде 11139 жеке тұлғалар 584 заңды тұлғалар.
Электр энергия тұтынушылары үшін 3-АЭЖБ-де қызмет көрсетудің кең ауқымы бар:
- Көрсеткіштерді қабылдау, заңды тұлғаларға төлем түбіртектерін беру мен есеп айырысу;
- Электр энергиясымен жабдықтау шарттарын жасасу;
- Заңды тұлғалармен түбіртек төлемі бойынша салыстыру жүргізу;
- Дербес шоттарды ашу;
- Тұрмыстық тұтынушылармен түбіртек төлемі бойынша салыстыру жүргізу;
- Электр энергиясы үшін төлемдерді қабылдау;
- Тұтынушылардың шағымдары мен өтініштерін қарастыру, электр қуатымен жабдықтау мәселелері бойынша кеңестер беру.
3-АЭЖБ-нің екі қабатты ғимараты қажетті құралдармен, тұтынушылардың барлық категорияларына қызмет көрсететін персоналмен толықтай жасақталған. Бірінші қабатта тұрғындармен жұмыс атқаруға арналған операциондық зал, қызметтердің төлемдерін жүргізу терминалдары, ал екінші қабатта заңды тұлғаларға қызмет көрсететін кеңсе-бөлмелері орналасқан.
3-АЭЖБ-нің жұмыс уақыты 08:30-17:30, түскі үзіліс 12:30-13:30
Мекен жайы:«Ветеран-5» бау-бақша серіктестігі, 21 (Жандосов-Яссауи көш. қиыл.)
т. 293 64 42, 293 64 93
Алматы Энергия кешенінің жұртшылықпен байланыс бойынша
Жалпы Қызмет Көрсету Орталығы