2016 жылдың 13-17 қыркүйек аралығында Қарасай аудандық электр тораптарының оқу-дайындық полигонында электр желілерін жедел жөндеу бригадалары арасында республикалық жарыс өтеді. Мақсаты – қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттырып, шеберліктерін шыңдау, электр тарату желілерінде қызмет көрсету барысында жарақаттану деңгейін төмендету.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның ұйымдастыруымен өтетін сайысқа Республиканың ірі өңірлік электр желілік компанияларын (ӨЭК) таныстыратын 9 команда қатысады.

Тұтынушыларды жарықпен үздіксіз қамту – энергетиктердің басты міндеті. Үзілген сымдарды жедел қалпына келтіру, бағаналарды және істен шыққан трансформаторлық қондырғыларды ауыстыру – бұл жедел-жөндеу тобына жүктелетін міндеттер. 5 адамнан құралған қоманда, өздерін үздік маман және өз ісінің шеберлері екендігін дәлелдеулері қажет.

Ол үшін жарыстың 7 кезеңінен сүрінбей өту керек. Бірінші кезеңде пайдалану қағидалары, қауіпсіздік техникасы бойынша білімдерін көрсетіп, емтихан тапсырады. Келесі кезеңде тоққа түскен адамды ажалдан құтқарып, алғашқы медициналық көмек көрсетуі тиіс. Сондай-ақ, кернеуі 0,4кВ және 10кВ-тық сымдарды, жарық бағаналарын ауыстыру, аса жоғары кернеулі электр желілерін жалғап, ажырату, трансформаторда тұтанған өртті өшіру сынды ұшталған әрекеттер мен шеберліктерін тәжірибелік кезеңдерде көрсетеді.

Жеңімпаздар құрмет грамоталарымен, медальдармен, ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады. Бас жүлдеге арнайы екі автокөлік тігіліп отыр.

Жарыстың ашылу салтанатына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Әукенов, Алматы облысы әкімінің орынбасары Л.Тұрлашов, Энергетика министрінің орынбасары Б.Жақсалиев, «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы А.Сәтқалиев, Атомдық және энергетикалық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы С.Есімханов, Қарасай ауданының әкімі М.Бигелдиев және өзге де энергетикалық компаниялардың басшылары қатысады деп жоспарлануда.

Шараның өтетін орны: Қаскелең қаласы, Жанғозин көшесі 63.«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның Қарасай аудандық электр тораптарының оқу-дайындық полигоны.

Күні: 13-17 қыркүйек 2016 жыл

Уақыты: 08:30

Қатысушы командалар:

«Алатау Жарық Компаниясы" АҚ

«Ақмола электр желілерін тарату компаниясы» АҚ

«Талдықорған Акционерлік Көліктік Электр Желілік Компаниясы»АҚ

«Батыс Қазақстан ЭЖТК» АҚ

«Қарағанды Жарық» ЖШС

«Қызылорда ЭТТК» АҚ

«Маңғыстау электр тораптық Бөлу Компаниясы» АҚ

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС

«Шығыс-Қазақстан Аймақтық Энергетикалық Компаниясы» АҚ.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ – Алматы қаласы мен облысының 2,5 млн астам тұрғынын жарықпен қамтып отырған, сондай-ақ өндірістік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге және ауыл шаруашылығы қожалықтарына электр қуатын жеткізумен және таратумен айналысатын республика оңтүстігіндегі ең ірі энергетикалық жүйе. «АЖК» АҚ – «Самұрық-Энерго» АҚ-ның компаниялар тобына кіреді.

«Алматы электр стансалары» АҚ («АлЭС» АҚ) – Алматы қаласы және Алматы облысына жылу және электр энергиясын өндіруші компания.

Байланыстар:

ЖҚКО директоры: Найзабек Олжабайұлы

ЖҚКО – Алматы энергокешенінің қоғаммен байланыс бойынша Жалпы қызмет көрсету орталығы.

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.,

www.esalmaty.kz

тел.: +7 (727) 356 04 31, +7 (727) 356 04 05

ұялы тел.: +7 701 718 82 38

«АЖК» АҚ баспасөз қызметі

Тел: +7(727) 376 19 46

Ұялы тел: +7 701 529 50 81

FaLang translation system by Faboba