2015 жылдың 8 және 9 маусым күндері «АлматыЭнергосбыт» ЖШС,  «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ және  жергілікті билік өкілдері біріккен күштерімен Талғар ауданының Нұра ауылында төтенше рейд өткізілді. Оған  тұрғындардың 12 млн теңгеден асқан қарызы себеп болды. Электрқуатынан ажырату шаралары бұрын да қолданылатын. Алайда, ажыратылған тұтынушылардың көбі электржүйелеріне заңсыз қайта қосылып, электрқуатымен тегін пайдалануды әдетке айналдырған секілді.

Құрылған комиссияға энергиямен жабдықтаушы компаниялар мамандары мен Талғар ауданы және ауылдық аймақ әкімшілік өкілдері, тәртіп сақтау органдары қатысты. «АЖК», «АЭС» қызметкерлері жаңа квитанциялар бойынша төлем ақы өткізу, электрқуатын пайдалану тәртібін түсіндіріп, есеп құралдарының көрсеткіштерін, олардың пайдаға асуын анықтау шаруаларымен айналысты. Оған қоса, тұтынушылардың ыңғайына қарай сол орында төлемақы жинау мақсатымен Талғар АЭЖБ-ң жылжымалы қаржы касса жұмысы ұйымдастырылды. Сөйтіп, «АлматыЭнергоСбыт» және «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ өткізген екі күндік рейд барысында 910 мың теңге өндірілді.

Энергиямен жабдықтаушы компаниялар алдында ауқымды қарызы жиналған тұтынушылар, олардың ішінде сот шешімі шығарылған дебиторлар заңды түрде электрқуатынанан ажыратылды. Келесі күндері ажыратылған абоненттердің бір бөлігі тағы 198 мың тенге қарызын өтеп шықты.

Сонымен қатар, рейд барысында энергиямен жабдықтаушы компанияларға шығын келтіретін, қарыз жиналуына соқтыратын біраз олқылықтар ашылды. Мәселен, желілерге заңсыз астыртын қосылып немесе есеп құралдарынан тыс жалғанып электрқуатын тегін пайдалану, ескірген, сынық, пломбасыз есеп құралдарын қолдану сияқты жағдайлар жиі кездесуде. Кейде телімін кеңейту мақсатымен қоршауларын ығыстырып, желі тірегіштері ауласында қалдырған иегерлер де бар екен. Бұл энергиямен жабдықтау ережесін өршең бұзушылық болып табылады.  Олардың ішінде  заңдастырылмаған, энергиямен жабдықтаушы мекемелерде тіркелмеген үйлер, керісінше қарызымен тіркеуден шықпай, тұрғынсыз қаңырап қалған үйлер,үйлері ысырылған бос жер телімдері де кездеседі.

Талғар ауданы бойынша дебиторлық қарызы айтарлықтай жиналған басқа да тұрғын аумақтары жеткілікті. Мәселен қала іргесіндегілер:

  • Жаңа қуат «Там Құрылыс» ЖШС коттедж қалашығы

774 тұтынушы 5 933 000 тенге;

  • Думан «Град Плюс» ЖШС тұрғын үй кешені

824 тұтынушы 1 732 000 тенге;

  • Еркін (тұрғын ауылы);

628 тұтынушы 4 068 000 тенге;

және т.б.

01.06.2015 ж қарай Талғар ауданының жеке тұрғын үй бөлігі бойынша дебиторлық қарыздар жалпы сомасы 181 830 000 тенге құрады. Оның бір бөлігі өтпелі айда төленіп жатқанымен, жаңа қарыздар да жиналуы әбден мүмкін.

Нұра ауылында өткізілген рейд, мұндай шаралардың нәтиже беретінін анық көрсетті. Осыған байланысты «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС мен «Алатау Жарык Компаниясы» АҚ бұл бағыттағы жұмысын үдетуді көздеп отыр. Қазіргі кезде екі мекеменің Талғар аудандық бөлімшелері 18 және 25 маусым аралығында басқа да тұрғын мекендеріне шығу жоспарын іске асыруда.

FaLang translation system by Faboba