2014 жылғы 7 қараша күні «АлматыЭнергоСбыт» компаниясында электр энергиясын тұтынушыларға арналған Ашық есік күні өткізілді. Аталған шара аясында компания басшылығы мен энергетика саласы мамандарының қатысуымен видео-конференция ұйымдастырылды.

Видео-конференция барысында Алматы энергокешенінің жауапты мамандарымен байланысқа Алматы қаласы және облысының тұтынушылармен жұмыс жөніндегі аудандық бөлімшелері шықты. Бұл шалғайда орналасқан аудандар тұрғындары үшін өз сауалдарын компанияның басшылығына тікелей қоюына зор мүмкіндік берді.

Тұтынушылардың сұрақтарына жауап берген «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС Бас директоры Михаил Гамбургер: «Тұтынушылар өтініштерін ескере отырып, біз аудандық бөлімшелердің жұмысын 19:00-ге дейін ұзарттық. Әзірге үстіміздегі жыл аяғына дейін Іле ауданының кезекші ауысым операторлары осылай жұмыс жасайтын болады. Егер бұл пилоттық жоба сәтті жүзеге асса, өзге аудандық бөлмшелер де осы жұмыс кестесіне көшеді. Мұның бәрі азаматтарға қолайлылық туғызу үшін жасалуда, ал тұтынушылардан тек төлем тәртібін сақтауды сұраймыз», – деп атап өтті.

Айта кету керек, тұтынушылармен жұмыс жүргізуде жаңа технологияларды қолдану, аудандық бөлімшелерді видео және дыбыстық байланыспен қамту осындай шараларды өткізу тиімділігін арттырады. Ашық есік күні аясында тұтынушылар энергиямен қамтушы компаниямен байланысқа қатысты барлық сұрақтары бойынша мамандардың кеңестерін алды.

Тұтынушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға білікті де толыққанды жауап алғанына және жалпы шараның өткізілуіне риза болды. Видео-конференцияның таспаға түсірілімі таяу уақытта компанияның ресми сайтында www.esalmaty.kz жарияланатын болады.

FaLang translation system by Faboba