Естеріңізде болса, осыдан 5-6 жыл бұрын Алматыны электр қуатымен қамту бағдарламасына сәйкес шаһар­дың энергокартасы жасалып, онда іске қосылуы керек энергонысандар қызыл түспен, жұмыс істеп тұрғандары жасыл түспен белгіленген болатын. Сол кезде картамыз толықтай дерлік қызыл болатын. Ал бүгін толықтай дерлік жасыл. Бүгінде бағдарламаға сәйкес жалғыз «Түрксіб» қосалқы стансасын іске қосу қалды. Қазіргі таңда Алматы толықтай электр қуатымен қамтылып, қуатты мегаполиске айналып отыр. Және барлық жағынан заманауи, қауіп­сіз энергонысандар арқылы қуаттан­дырылып отыр. Шаһарда іске қосылған 29 қосалқы стансаның 17-сі ең соңғы құрылғылармен жабдықталып, бүгінгі күн талабына сәйкес салынған. Бұл «Самұрықэнерго» АҚ-на қарасты «АЖК» компаниясының нәтижелі жұмысының көрінісі, – деді Алматы қаласы әкімі А.Есімов.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Мұхит Үмбетов нысанды пайдалануға беру «Самұрық-Энерго» энергетикалық холдингінің 7 жылдығымен сәйкес келгенін атап өтті. Қуаты 126 МВА болатын №168А 110/10-10/6 кВ «Есентай» қосалқы стансасын пайдалануға беру арқылы, қаланың орталық бөлігінде 20-25 жыл келешегі бар жаңа тұтынушыларға жағдай жасалынбақ.

Жоба шеңберінде Алматы қаласын­да көшелерді эстетикалық жақсарту мен тығыз тұрғын үй аймағында электр өрісінің ықпалын азайту мақсатында қуаты 110 кВ әуе жолы бағаналарын және ұзындығы 2,8 шақырым ОТБЖ-мен және бақылау жүйесімен кабель желісін жүргізу іске асырылды. Қосалқы стансаның құрылысы «Келешек Ал­маты қаласының 2010 жылдан 2020 жылға арналған электр қуаты сызба­сының» негізінде жүргізілді. Алматы қаласы орталық бөлігінің тұтынушы­ларын электрмен жабдықтау – ұлғайту мақсатына негізделеді. Құны 2,675 млрд. (ҚҚС-сыз) жоба 2010 – 2014 жылдарға арналған Қазақстанның Индустрияландыру Картасы шеңберінде Республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылды.

2007 – 2013 ж.ж. аралығында қалалық әкімшіліктің көмегімен 29 қосалқы станса салынды және реконструкцияланды. Жалпы қуаттың өсімі 3000МВА-дан асты.

Құрылыс барысында отандық жет­кізушілердің құрал-жабдықтары мен қызметтері барынша пайдаланылып, 39 пайызға жетті. Жаңа қосалқы стансада «Кентау трансформаторлық зауыты» АҚ-да жасалған өрт және жарылысқа жол бермейтін «SERGІ» жүйесі, «Электр сервисі» ЖШС-нде жасалған ТБҚ 10 кВ-пен күш беретін трансформаторлар, өндеу және құрылыстық материалдар орнатылған.

«Есентай» ПС-110/10/6 кВ №168А С КЛ 110 кВ

Қосалқы станса салу мақсаты:

– Алматы қаласының орталық аудандарын сенімді де сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету;

Құрылыс нысанының сметалық құны:

– 2 674 939, 10 мың теңге.

«Есентай» қосалқы стансасының қызмет көрсету нысандары:

* ҚР Тұңғыш Президентінің Резиденциясы;

* Алматы қаласы әкімдігі;

* ҚР Ұлттық банкі;

* Орталық стадион;

* Б.Шолақ атындағы Спорт және мәдениет сарайы;

* «Рахат Тауэрс» кешені;

* Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ;

* «Алматы» метросы;

* Қазақ мемлекеттік циркі;

* «Анкара» қонақ үйі;

* «Айсер» қонақ үйі;

* «Қазақстан» ТРК;

* Тұрғын үйлер кешені, т.б.

Нұрлан СҮЙІН

FaLang translation system by Faboba