СМИ о нас
Ұлттық құндылықтарымыз дәрiптелдi
«Алматы ақшамы»
№105(5139)
29.08.2015
Елiмiздiң Конституциясы өзiнiң өмiршеңдiгiн көрсетiп, оны қолдану мен нормаларын жүзеге асырудың мол тәжiрибесi, бай дәстүрi қалыптасты. Ол – мемлекетiмiз үшiн ең маңызды мерекелердiң бiрiне айналды.
Айтулы мереке қарсаңында «Алатау жарық компаниясында» Мемлекеттiк тiл саясатын насихаттау, ұлт бiрлiгiн нығайту мақсатында Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай «Мемлекеттiк тiл – болашағым» атты байқау болып өттi.
Елiмiздiң Ата Заңында мемлекеттiң түбегейлi қағидаттары, қоғамдағы татулық пен саяси тұрақтылық, экономиканың дамуы, патриотизм мен барлық зайырлы мәселелердiң ашық түрде шешiлуiне байланыстылығы атап көрсетiлген. Осыған орай, елiмiздiң әр азаматы ұлт құндылықтарын оның тiлiн, рәсiмдерiн берiк сақтап, тәуелсiз елiмiздiң гүлденуiне өз үлестерiн қосуы тиiс. Елiмiздiң кез келген азаматы Ата Заңымызды құрметтеу және сақтау арқылы және оның тарихы мен маңызын бiлуiмiзбен ғана өз елiмiздi, Отанымызды, тарихымызды құрметтеймiз және қоғамдық келiсiмге, бейбiтшiлiк пен тұрақтылыққа қол жеткiзе аламыз.
«Алатау жарық компаниясы» басшылығы осы мәселелердi алға тарта отырып, кәсiпорында еңбек ететiн ұлты өзге қызметкерлер арасында мағынасы зор iс-шара өткiзуi өте құптарлық болды. Оған қатысушыларға үш кезеңнен тұратын тапсырмалар берiлiп, ол бойынша сөз жарыс, өнер, ел танымы тақырыптары бойынша бәсеке ұйымдастырылды. Оған компанияның барлық жүйелiк құрылымдары қатысты. Мереке ән-күймен сабақтасып, жеңiмпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Азат ҮСЕН.