«Almatynews» АА

Категория: Саясат

25.08.2015 11:11

 

Конституция жиырма жыл ішінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Алайда осымен оның әлеуеті сарқылмайды. Ата Заң азат елдің абыройы әрқашан асқақтауына негіз болып қала береді. Бұл туралы AlmatyNews АА-нің тілшісіне «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Мұхит Үмбетов мәлімдеді.

«Осыдан 20 жыл бұрын, яғни 1995 жылы 30 тамызда еліміздің негізгі Ата Заңы қабылданды. Бұл Қазақстан азаматтары үшін республика дамуының жаңа беттерінің басталуын білдіретін ерекше оқиға болды. Конституция осы жылдар ішінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Алайда осымен оның әлеуеті сарқылмайды. Еліміздің Конституциясы егемен Қазақстанның гүлденуінің басты тетігі болып қала береді», - деді Үмбетов.

Конституцияны қатаң қолдану - мемлекетіміздің нәтижелі дамуының негізі, заманауи жаңа шақыруларға қайтарылған жауаптардың тиімділігі, қоғамдағы азаматтық келісім.

«Біз бүгін еліміздің Ата Заңының арқасында еркін еңбек ету, бейбітшілік пен ынтымақтастықта өмір сүру құқына иеміз. Елбасы өз сөзінде «қазіргі Конституциямыздың иесі Қазақстан халқы, сондықтан бұл еліміздің Негізгі Заңына тек жоғары заңдық мәртебе ғана емес, сонымен бірге, рухани-адамгершілік күш қуат та бере түседі» деген болатын. Осы ретте миллиондаған қазақстандықтар еліміздің бүгінгі жетістігін демократиялық қоғамға қойылар басты талаптарға сай келетін Конституциямыз бен дұрыс бағдар таңдаған Елбасымыздың ерен еңбегі деп бағалайды»,- деді «АЖК» АҚ Басқарма төрағасы.

FaLang translation system by Faboba