Алматы ақшамы №45 (5079), 11.04.2015 ж.

 

Жыл басынан бері «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның Басқарма төрағасы М.Үмбетовтың бастамасымен мекемеде «Аталарымыз әкелген Ұлы Жеңіс жасасын!» атты акция басталған болатын. Шараның басты мақсаты - өскелең ұрпақтыжеңісті жақындатқан аталарымыздың ерліктерімен таныстырып, ортамызда жүрген ардагерлерге құрмет көрсету. Акция барысында компания қызметкерлері энергетика саласына сүбелі үлес қосқан ҰОС ардагерлерінің үйлеріне барып, олардың тұрмыс-тіршіліктерімен танысып, қажет болған жағдайда түрлі көмектерін ұсынды.

Осындай шараның біріне компания басшылығы да қатысты. ҰОС ардагері Қамбар Сәрсеновтің жағдайымен таныса келгендер қарт майдангердін иығына шапан жауып, сый-сияпат жасады. Өз кезегінде Қамбар Әмірұлы сұрапыл соғыс жылдарынан сыр шертіп, Ұлы Жеңістің оңайлықпен келмегенін жеткізді. Ардагер ақсақал компания басшылығына ризашылығын білдіре келіп, «еліміздің іргесі ешқашан сөгілмей, Тәуелсіздігіміз мәңгі жасасын!» деп ақ батасын берді.

Абылай БЕКБОСЫНОВ,

«АЖК» АҚ баспасөз қызметі

FaLang translation system by Faboba