Алматы Ақшамы №30(5064) 11.03.2015, 10:56

Кеше «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның ұжымы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады. Еліміздің даңғыл жолын айқындайтын ұлы Жолдауды талқылауға 100-ден астам адам қатысты. Биылғы Жолдаудың халық арасынан кең қолдауға ие болып, өмірімізге батыл еніп жатқаны туралы С.М. Киров атындағы «Машина жасау зауыты» АҚ бас директорының орынбасары Юлия Скоробогатова мен «АЖК» АҚ-ның қызметкері Самат Жалғасбаев баяндап берді.

– Бүгінде бүкіл әлем жаңа стандарт және жаңа қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Әлемдік экономика әлі де дағдарыс салдарынан айыға қойған жоқ. Десек те, үстіміздегі жылдың ақпан айында экономикалық өсім мен жұмыспен қамтуды қолдау үшін 500 млрд. теңгеден екі транс бойынша 1 трлн. теңге бөліну туралы шешім қабылданған болатын. «Нұрлы жол» – жаңа экономикалық саясат. Бұл – әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына банк жолындағы біздің ауқымды қадамымыз іспетті. Бүгінде тартысты жұмыс өшпес үшін барлық жағдай жасалған. Әкімшілік реформа жүргізілді, биліктің жаңа құрылымы жұмыс істеуде. Алда үлкен жауапты жұмыстар тұр. Мемлекет жаңа буынның алдында барлық жолдарды ашып отыр. «Нұрлы жол» – біздің басты әрі креативті, ырғақты жастардың күш жігерін жұмсауға арналған бағдарлама. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын, – деді «АЖК» АҚ-ның қызметкері Самат Жалғасбаев.

Сонымен қатар, баяндамашылар халыққа «Нұрлы жол» атты жаңа экономикалық саясат жөнінде, ішкі экономикалық тұрақтылықты сақтап қалу мақсатында ұлттық қордан бөлінетін қаржы жайында және т.б. өзекті мәселелерге кеңінен тоқталды.

Гүлнұр БИСЕНҚЫЗЫ,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің студенті.

FaLang translation system by Faboba