Республикалық сайыс 8 – 14 қыркүйек аралығында «Шығыс Қазақстан аймақтық энергетика компаниясы АҚ-да өтті.

 

Электр желілерін пайдалану бойынша жедел-жөндеу қызметкерлерінің арасында өткен кәсіби Республикалық сайыстың мақсаты – қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

Жарысқа Қазақстанның әр өңірінен сегіз команда қатысып, кәсіби шеберліктерін ортаға салыпты. Олар:

• ТАТЭК АҚ;

• Қарағанды – Жарық ЖШС;

• «Қызылорда АЭК» АҚ;

• Маңғыстау энергетика компаниясы;

• «Павлодар ЭТА» АҚ;

• «Оңтүстік Жарық-Транзит» ЖШС;

• «ШҚ АЭК» АҚ;

• «АЖК» АҚ.

Бес адамнан жасақталған 8 команда өз кәсібінің шебері екендерін дәлелдеп жатты. Кәсіби жұмыстың жаңа, заманауи әдіс-тәсілдерін көрсетіп тәжірибе алмасты. Сайыс жеті кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде энергетиктер техникалық қауіпсіздік бойынша байқаудан өтті. Электронды билеттегі 40 сұраққа жауап беруге 90 секунд беріліпті. Екінші кезең токқа түскен адамды құтқару болса, үшінші кезеңнен бастап кәсіби шеберлік көрсету сындары өтіпті.

Барлық кезеңде сыннан мүдірмей өткен «АЖК» командасы, нәтижесінде жүлделі бірінші орынды иеленді.

Қайыпберген Мұратбаев, «АЖК» АҚ, Қарасай АЭС бас инженері:

– «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ командасында Нұрділлә Әбілқасымов, Әділхан Сейдәлиев, Бекбол Әбдікәрімов, Руслан Тайбұров, Алмас Мамаевтар болды. Біз, Қ.Мұратбаев, Анатолий Глушков, Нұржігіт Кенжеевтер қазылар алқасына мүше болдық. Біздің электрик-мамандар командасы жарыстың бірінші кезеңінен бастап кәсіби шеберліктерін көрсетіп, алда болды.

«АЖК» АҚ Республикалық кәсіби жарысқа жылда қатысады. Алты рет осы Республикалық сайыстың жүлдегері, жеңімпазы атанды. «АЖК» АҚ басшылығы да жеңісімізді бағалап, құрмет көрсетті.

Электриктер «Қала күні» қарсаңындағы жеңісімізді Алматының төл мерекесіне арнаймыз, – дейді.

«АЖК» АҚ Алматы аймағын электр қуатымен жабдықтар отырған компания. Бір жарым миллионнан астам тұрғыны бар мегаполистің энерго қажеттілігін өтеу кәсіби біліктілікті талап етеді. «АЖК»-лықтар кәсіби шеберліктерін Республикалық байқауда дәл

FaLang translation system by Faboba