Екібастұз көмірі Алматы ЖЭС-2-ге оңтайлы

отын түрі болып табылады

 

2014 жылдың 17 сәуіріндегі «Алматы» телеарнасы ЖЭС-2 энергокешенінде жанатын отынның сапасы туралы мәліметіне байланысты, Екібастұз энергетикалық көмірі энергия көздеріне қолдануға Қазақстан Республикасының МемСТ-ның техникалық талаптарына толығымен сай келетінін ЖҚКО хабарлайды (ҚР 1383-2010 Б).

Екібастұз энергетикалық көмірінің экономикалық және өндірістік тиімділігі ЖЭС-2-ге жиырмажылдық тәжірибемен, инженерлік ұйымдардың тұжырымы және сынауларының нәтижелерімен расталады («Казэнергоналадка», «Казтехэнерго»). 

Екібастұз көмірінің 39 % күлділігі, техникалық сипаттамасымен қатар (сусымалы, жарылыс-өрт қауіпсіздігі және т.б.), ЖЭС-2-ге оңтайлы отын түрі болып табылады. Жану кезінде қазанагрегаттарының жұмысына үлкен үнемділік беріп, шығын басқа кен орындарымен салыстырғанда анағұрлым азаяды: Бөрлі, Күшекі, Шұбаркөл және т.б.

Екібастұз көмірін «АлЭС» АҚ көздерінде пайдалану электр энергиясы мен жылу тарифтерін көтермеуге мүмкіндік береді. Көмірдің сапасын жабдықтаушымен бірге тапсырыс беруші - Алматы ЖЭС-2-де үнемі бақылап отырады.

2013-2014 жылдардың күзгі-қысқы кезеңінде Алматы ЖЭС-2 көмір шығыны 1 млн. 376 мың тоннаны құрады, сонымен қатар ластағыш заттардың шығарымы ҚОҚМ бекіткен лимиттен аспады. «АлЭС» АҚ-да өткізілген модернизациялау мен қайта құру нәтижесінде күлдің шығарылуы 2010 жылдың деңгейінен 4 есеге қысқарды. Бұл күл қондырғыларын тазалау дәрежесінің көбею есебінен болды: ЖЭС-1 – 99,2% дейін, ЖЭС-2 – 99,5 % дейін және ЖЭС-3 – 99,4% дейін. Мемлекеттік органдар «АлЭС»  АҚ энергия көздеріне үнемі мониторинг жүргізуде.

Екібастұз көмірін және баламалы жабдықтаушының көмірлерін жағудың сипаттамаларын ұлғайту мақсатында, «Институт «КазНИПИЭнергопром» ЖШС, «КОТЭС» ААҚ, «Сибэнергомаш» ААҚ, «LAHMEYER INTERNATIONAL GmbH» қатысқан Қазақстан, Ресей, Германияның жетекші ұйымдарымен үнемі жұмыс жүргізуде.

 

ОЦО – Алматы Энергокешенінің жұртшылықпен байланыс бойынша Жалпы Қызмет КөрсетуОрталығы.  

«Алматыэнергосбыт» ЖШС – Алматы қ. және Алматы облысын электр энергиясымен жабдықтаушы.

«Алматы Электр станциялары» АҚ («АлЭС» АҚ) – Алматы қ. және Алматы облысына жылу және электр энергиясын өндіруші компания. 

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ («АЖК» АҚ)  – Алматы қ. және Алматы облысындағы элекр энериясын тапсыратын және тарататын үлкен компания. Жоғарыда аталғандардың барлығы «Самырұк-Энерго» АҚ-ның компаниялар тобына кіреді.

 

Байланыстар:                 

ЖҚКО директоры : Найзабек Олжабайулы

Алматы Энергокешенінің жұртшылықпен байланыс бойынша Жалпы Қызмет КөрсетуОрталығы (ЖҚКО) This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.,                                                                                                                                          www.esalmaty.kz

тел.: +7 (727) 356 04 31,             +7 (727) 356 04 05                    ұялы тел..: +7 701 718 82 38

FaLang translation system by Faboba