БАҚ біз туралы
Алматы мен «АЖК» — ажырамайтын егiз ұғым
– Әлихан Әбжамелұлы, әігiменi сiздiң басқарманың жұмысынан бастасақ.
– Аты айтып тұрғандай, бiздiң басқарма «Адам ресурстары басқармасы» деп аталады. Басқарма «АЖК» АҚ құрылған кезеңнен берi жұмыс iстеп келедi. Жалпы, Қазақстан мемлекетiнiң басты ұстанымына сәйкес, «АЖК» АҚ-да да басты құндылық адам, яғни, жұмысшы.
Бүгiнгi таңда «АЖК» АҚ-да 4 мыңнан астам адам жұмыс iстейдi. «АЖК» АҚ басқарма төрағасы Мұхит Үмбетовтiң басшылығымен осынша энергетик-маман Алматы аймағын электр қуатымен қамтамасыз етiп отыр.
Энергетика — тек кәсiби мамандарды қажет ететiн сала. Сол себептi де компанияның басшылығынан бастап, қатардағы жұмысшысына дейiн кәсiби маман болуы шарт.
Компанияның қалыптастырған кадр саясатының нәтижесi бiзге кәсiби мамандармен жұмыс iстеу мүмкiндiгiн берiп отыр.
Елiмiздiң ең iрi мегаполисiн, Алматы облысын электр қуатымен қамтамасыз етiп отырған «АЖК» АҚ компаниясының негiзiн алматылықтар құрайды. Компания үшiн электрик-жұмысшыларды, инженер-электрик, басқа да мамандарды дайындайтын да Алматыдағы оқу орындары. Кәсiптiк-техникалық лицейлер, Алматы энергетика колледжi, Алматы энергетика және байланыс университетi, Қазақ Ұлттық техникалық университетi, т.б. Компания Алматыдағы жоғары оқу орындарымен кәсiби маман қажеттiлiгiне байланысты келiсiм-шарт жасаған. Зейнеткерлiкке шыққан, басқа себептермен жұмыс орнын босатқан мамандардың орнын кәсiби мамандар толықтырып отырады. Бүгiнгi таңда компанияда кадр тапшылығы жоқ деуге болады. Бiз әрбiр жұмысшымызды, әрбiр қызметкерiмiздi бағалаймыз. Оқу орындарымен жасаған келiсiм-шарттарға сәйкес мамандарымызды қысқа мерзiмдi бiлiм жетiлдiру, бiлiктiлiк арттыру курстарына жiберiп тұрамыз. Кеңес кезеңiнде әрбiр салалық компанияларда оқу орталықтары болатын. Өз жұмысшыларын дайындап, бiлiм жетiлдiрумен айналысатын. Өкiнiшке қарай, бүгiнде ондай орталықтар жабылып қалған. Сол себептi кәсiби жұмысшыларымыз, мамандарымыз Алматыдағы оқу орындарының есебiнен толығып тұрады. Жалпы, компанияның адам ресурстарының негiзiн алматылықтар құрайды. Сондықтан да Алматы мен «АЖК» бiр-бiрiнен ажырамайтын егiз ұғым деймiз.
– Әлихан Әбжамелұлы, компанияда адам, маман ұғымдары бiрiншi орында деп отырсыз. Осы жұмысшыларды әлеуметтiк қорғау, ардагерлердi құрметтеу жағы жолға қойылған ба? Компанияда кәсiподақ ұйымы жұмыс iстей ме?
– Сұрағыңыз орынды. Әңгiменiң басында айтып кеттiк, «АЖК» АҚ – салалық компания. Негiзгi бағыты — энергетика. Алматы аймағын электр қуатымен қамту мақсатында шаһар басшылығымен бiрлесiп жасаған бағдарламаға сәйкес, бүгiнгi таңда Алматы шаһары мен қала маңы толықтай электр қуатын пайдаланып отыр. Соңғы бес жылда 29 шағын станса салынып, қайта жабдықталды. Алып шаһарды «шеңберлеген» электр желiсi тұйықталды. Мiне, осының барлығы, айтып кеткендей, 4 мыңға жуық «АЖК» қызметкерлерiнiң қолымен атқарылып жатқан жұмыс. Олардың барлығы да өз iсiнiң кәсiби мамандары десек болады. Алдыңғы буыннан кейiнгi буынға өз тәжiрибесiн үйреткен — электриктер қауымы. Жалпы «АЖК»-да Қазақстанға ғана емес, ТМД-ға танымал мамандар жұмыс iстейдi. Компанияда – 2 «Құрмет» орденiнiң, 1 – «Ерен еңбегi үшiн», 7 – «ҚР Тәуелсiздiгiне 20 жыл» медальдарының иегерi, 12 – «ТМД еңбек сiңiрген энергетигi», 22 – «Қазақстан энергетиктер ассоциациясының (ҚЭА) еңбек сiңiрген энергетигi» бар.
39 адам – «ҚЭА құрметтi энергетигi», 68 – «ҚЭА ардагерi», 2 адам – «KAZENERGY» ассоциациясының медалiн, 4 адам – Құрмет грамотасын алған. «Самұрық - Қазына» ҰЭҚ Құрмет грамотасын 4 адам, Алматы облысы әкiмiнiң Құрмет грамотасын 9 адам алған.
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның «Құрмет кiтабы» жасалып, оған Қазақстан энергетикасына ерекше еңбек сiңiрген кiсiлер енгiзiлiп отыр. Бүгiнде «Құрмет кiтабына» 9 адам жазылған.
Энергетика ауыр өндiрiс саласына жатады. Сол себептi жқмысшыларды әлеуметтiк жағынан қолдау да жолға қойылған. Денсаулыққа әсерi бар өндiрiс болғандықтан, қызметкерлер сүт өнiмдерiмен, арнаулы киiммен қамтамасыз етiледi. Жалақыға қосымша коэффицент, жылдық еңбек демалысына қосымша күндер қарастырылған.
Әлеуметтiк жауапкершiлiк шеңберiнде компания бұрынғы қызметкерлерiн, яғни, ардагерлердi назардан тыс қалдырмайды. «АЖК» компаниясының қамқорлығында 699 ардагер бар. Компания зейнеткерлерге төмендегiдейтматериалдық көмек көрсетiп тұрады:
– зейнеткер қайтыс болған жағдайда отбасына көмек көрсету;
– оқыс жағдайда емделуiне көмек беру;
– «Жеңiс күнi» мерекесiне ҰОС ардагерлерi мен еңбек ардагерлерiне материалдық көмек;
– «Энергетиктер күнiне» барлық ардагерлерге сыйлық;
– 8 наурыз мерекесiне әйел-ардагерлерге сыйлық, т.б.
Мысалы, 2013 жылы компания ардагерлерiне 5 млн. 797 мың теңге көмек жасалды. Оның iшiнде ҰОС және тыл ардагерлерi, 35 адамға 10 000
теңгеден 350 мың теңге;
– 8 наурызда 298 әйел ардагерге 5000 теңгеден 1 млн. 490 мың теңге;
– «Энергетиктер күнiне» 5000 теңгеден 3 млн. 642 мың теңге, 315 мың теңгеге, басқа да материалдық көмек көрсетiлдi.
2014 жылдың бiрiншi тоқсанында компания ардагерлерiне 1 млн. 615 мың теңгеге көмек жасалды. Биыл Ұлы Жеңiстiң 69 жылдығына компания
басшылығы соғыс ардагерлерiне 30 000 теңгеден, тыл еңбеккерлерiне 20 000 теңгеден, барлығы 720 мың теңге сыйлық жасады. 9 мамыр күнi ардагерлердiң отбасыларын аралап, құттықтады.
«АЖК» мемлекеттiк, кәсiби мерекелердi атап өтуден, «Самрұқ Энерго» өткiзетiн түрлi мәдени, спорттық шаралардан да қалыс қалмайды. «Наурыз», «Электриктер күнi», «Балаларды қорғау күнi» мерекелерiнде түрлi iс-шаралар ұйымдастырылып, компания қызметкерлерi марапатталады.
Елiмiзде қолға алынған салауатты өмiр салтын қалыптастыру iсiне де «АЖК» АҚ атсалысып отыр.
2013 жылдың тамыз айында Астанада «Самұрық Энерго» ұлттық компаниясы өткiзген республикалық спорт ойындарында «АЖК» жалпы-командалық екiншi орынды иеленiп, мәртебемiздi асырды. Осындай игi шаралар «АЖК» АҚ басқарма төрағасы М.Үмбетовтiң басшылығымен атқарылып жатыр. «АЖК» АҚ еңбеккерлерiнiң осындай әлеуметтiк мәселелерiмен компанияның кәсiподақ ұйымы тiкелей айналысады.
Компания кәсiподақ ұйымы «Үш жақты комиссия» (жұмысшы, жұмыс берушi, кәсiподақ) құжаттарына, еңбек шартына сәйкес жұмыс атқарып жатыр.
Жалпы, компания «өндiрiсте еңбек адамы бiрiншi кезекте» деген тұжырымға сай жұмыстар атқарып жатыр. Бiздiң елiмiзде «мемлекеттiң басты байлығы – адам» қағидасы сақталған. Бiз де осыған сай еңбек етуге тырысамыз.
– Әңгiмеңiзге рахмет!
Әңгiмелескен – Нұрлан СҮЙIН