Міндетіміз – сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету

«Егемен Қазақстан» газетіне «АЖК» АҚ Басқарма Төрағасы Мұхит Умбетовтың  сұқбаты 

Алматы және Алматы облысындағы 2,5 миллион тұрғынды, яғни 102 382 шаршы шақырым аумақты жарықпен қамтамасыз етіп отырған ірі мекеме – «Алатау жарық компаниясының» жұмысы жылдан жылға күрделеніп келеді. Қаланың өсуімен, халық санының көбеюі жарық тасымалдаушы компанияның жауапкершілігін арттырды.

Подробнее...

Энергетиктердің кәсіби біліктілік сайыстары

«Алатау Жарық Компаниясы» (АЖК) АҚ – Алматы қаласы мен облысын электр қуатымен жаб­дықтап отырған компания. Жетісу өңірінің миллиондаған тұтынушы­ларына электр жарығын жеткізіп отырған АЖК АҚ жоғары білікті энергетик мамандары мен электр жұмысшыларын топтастырған.

Подробнее...

«АЛАТАУ ЖАРЫҚ КОМПАНИЯСЫ» ЖАҢАРТУ ЖАСАП ЖАТЫР

АҚШАМ-АҚПАРАТ / 24.02.2017, 23:47 / 

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ тұтынушыларды электр қуатына қосу және оны техникалық жаңарту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді. Мұны өткізудегі басты мақсат – Алматы қаласы мен облысы тұтынушыларын электр қуатымен жабдықтау сенімділігін арттыру.

Серік ЖҰМАБАЕВ

Шараға электр қуатымен жабдықтаушы ұйымдар мен тұтынушылар, шағын және орта бизнес кәсіпкерлері, заңды және жеке тұлға­лар, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ бас­шылығы, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментінің басшылығы, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС өкілдері қатысты.

Айта кетейік, «Алатау жарық компаниясы» АҚ ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментінің басшылығымен, «Алматы­ЭнергоСбыт» ЖШС жетекшісімен, кәсіпкер­лердің Ұлттық палатасымен бірлесе отырып, электрмен жабдықтау жүйесіне қатысты алғаш рет ашық есік күнін өткізіп отыр. Осылайша тұтынушылар, шағын және орта кәсіп иелері энергетика саласының басшыларына тікелей сұрақ қойып, тұшымды жауап алуына мүм­кіндік алды. «Бұл арқылы біз энергетика саласындағы жұмыстардың барлығы ашық және жариялы түрде жүргізілетіндігін көрсеткіміз келді», – дейді сала мамандары.

– Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу үрдістерін жеңілдету және электрмен жабдықтаудың сенімділігін жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына өзгертулер мен толықтырулар енгізілген болатын. Осы ретте электрмен жабдықтау желілеріне қосылуға арналған техникалық талаптарды беру мерзімі қысқартылды. Мәселен, электр қондырғылары 200 кВт дейінгі қуатымен орнатылған тұтынушылар енді техникалық талапты бес күн ішінде алатын болды. Бұрын бұл 14 күнге созылатын. Сондай-ақ, энергия таратушы ұйымдар мен тұтынушылардың жобалық шешімдерін келісу мерзімі де қысқартылды. Бұрын бұл 20 күнге созылса, қазір үш күнге азайды. Тіпті, электр желілеріне қосылу үшін мемлекеттік органнан рұқсат алу қажеттігі алынып тасталды. Соны­мен бірге энергиямен жабдықтаушы ұйым мен электрмен жабдықтауға арналған шарт жасасу мерзімі жеті күннен үш күнге қысқартылды, – дейді ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментінің басшысы Ерлан Нұркерімов.

ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау коми­тетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті мемлекеттік бақылаудың өзге нысан­дары аясында Алматы қаласының энергия таратушы және энергиямен жабдық­таушы ұйымдарының электр желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттар беру, тұтынушылардың жобалық шешімдерін келісу және электрмен жабдықтауға шарт жасасу мерзімдері туралы ақпаратына әрдайым сарап­тама жасайды екен. Бұл шара электр энерге­тикасы саласындағы заңнама реформаларын жүзеге асыру және басқаларға жеткізу мақсатында өткізіліп отырған көрінеді. Енді Алматы қаласының энергия таратушы және энергиямен жабдықтаушы ұйымдарына тұтынушыларға техникалық шарттарды беру кезінде, тұтынушылардың жобалық шешім­дерін келісу, электр желісіне қосу және электр­мен жабдықтау шартын жасау кезінде қағидада бекітілген мерзімдерді сақтауы міндетті. Бекітілген электрмен жабдықтау сенімділігінің нормативтік көрсеткіштерін орындауы тиіс. Егер электрмен жабдықтау сенімділігі көрсеткіштерін энергия таратушы ұйымдар сақтамайтын болса, онда олардың бірінші басшыларына 125 АЕК айыппұл салынады екен.

Бұдан кейін кездесу сұрақ-жауап түрінде өрбіді. Тұтынушылар, шағын және орта бизнес иелері энергетик мамандарға өздерінің көкейіндегі сұрақтары мен ұсыныстарын жеткізіп, толық әрі нақты жауаптарын алды. Сондай-ақ, тұтынушылар қозғаған мәселелер энергетика саласы басшыларының жеке бақылауына алынды.

Қағазбастылықтан арылып келеді

АЛМАТЫ АҚШАМЫ №39(5388)

АҚШАМ-АҚПАРАТ / 04.04.2017 /

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ тұтынушыларға арналған кездесу өткізді

«Алатау Жарық компаниясы» АҚ тұтынушыларды сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету және «Doіng Busіness» бағдарламасының орындалуына қатысты тұтынушыларға арналған кездесу өткізді. Оған аталмыш компанияның басқарма төрағасы Мұхит Үмбетов, ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары Абай Шаңғытбаев, комитеттің нормативтік-техникалық қамтамасыз ету басқармасының жетекшісі Жасұлан Қасенов, ко­митеттің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментінің басшысы Ерлан Нұркерімов, Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашы­лық басқармасы басшысының орынбасары Ерболат Аманғалиев, «Алматы­ЭнергоСбыт» ЖШС өкілдері, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасының өкілі Мариям Хасанова және т.б. электр қуатымен жабдықтаушы ұйымдардың басшылары қатысты.

Негізі, бұл басқосу Дүниежүзілік банктің «Doіng Busіness» рейтингіндегі Қазақстанның «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» көрсеткішін көтеруге қатысты өткізіліп отыр. Осы ретте айта кетейік, Қазақстандағы энергетика саласының дамуы жылдан-жылға жақсарып келеді. 2012 жылы «Doіng Busіness» рейтингісіндегі «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» көрсеткіші бойынша Қазақстан 80-орынға көте­рілсе, бүгінде электрмен жабдықтау жүйелеріне қосылу индикаторы бойынша Қазақстан 75-орынға тұрақтады. «Біз «Doіng Busіness» рейтингі көрсеткіштерін жақсарту бойынша көптеген жұмыстар атқардық. Тіпті, ҚР энергетика заңдарына бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осылайша, біз Дүниежүзілік банктің рейтингісі бойынша өз позицияларымызды жақсартып келеміз», – дейді атамыш комитеттің нормативтік-техникалық қамтамасыз ету басқармасының жетекшісі Жасұлан Қасенов.

Айта кетейік, осыдан біраз бұрын электрмен жабдықтау желілеріне қосылу үрдістерін жеңілдету және электрмен жабдықтаудың сенімділігін жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына өзгертулер мен толықтырулар енгізілген болатын. Осы ретте электрмен жабдықтау желілеріне қосылуға арналған техникалық талаптарды беру мерзімі қысқартылған.

Абай ШАҢҒЫТБАЕВ, ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энер­гетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары:

– Қазақстан әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылуды мақсат етіп отыр. Бұл – өте үлкен тапсырма. Бұл мақсаттарды орындау үшін көп жұмыс істеуіміз керек. Бізде стратегиялық тапсырма бар, мақсатымыз түсінікті, енді оны бірігіп орындауға тиіспіз. Энергетика саласын алға жылжыту үшін мұндағы мәселелерді кешенді түрде шешуіміз керек. Бұл ретте энергетика саласы туралы заңымызға бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. «Doіng Busіness» бағдарламасын орындау үшін тұтынушыларды, әсіресе, кәсіпкерлерді электр энергиясымен қамтамасыз ету оңтайландырылды. Кәсіпкерлер өз бизнесін ашқанда сапалы электр энергия­сына тез әрі оңай қосыла алады. Бұл ретте кәсіпкерлер ғана емес, барлық тұ­тынушыларға тиісті жағдай жасалып келеді. Электрмен жабдықтау желі­леріне қосылуға арналған техникалық талаптарды беру, энергия таратушы ұйымдар мен тұтынушылардың жобалық шешімдерін келісу, энергиямен жабдықтаушы ұйым мен электрмен жабдықтауға арналған шарт жасасу мерзімдері айтарлықтай қысқарды. Тіпті, электр желілеріне қосылу үшін мемлекеттік органнан рұқсат алу қажеттігі алынып тасталды.

Міне, осылайша, энергетика саласының мамандары тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз етуде қағазбастылық үдерісін айтарлықтай қысқартып келеді.

Бұдан кейін кездесу сұрақ-жауап түрінде өрбіді. Тұтынушылар, шағын және орта бизнес иелері энергетик мамандарға өздерінің көкейіндегі сұрақтары мен ұсыныстарын жеткізіп, толық әрі нақты жауаптарын алды. Сондай-ақ, тұтынушылар қозғаған мәселелер энергетика саласы басшыларының жеке бақылауына алынды.

«Ақшам-ақпарат»

 

ЭНЕРГЕТИКТЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

АЛМАТЫ АҚШАМЫ

№151-152 (5345)

24.12.2016

 

Халықты жарықпен үздіксіз қамтамасыз етуде ерен еңбек сіңіргендер арнайы алғыс хаттармен марапатталды

Серік ЖҰМАБАЕВ

«Алатау Жарық компаниясы» АҚ-ның ұйымдастыруымен Алматы энергетика және байланыс университетінде энергетиктердің кәсіби мерекесі салтанатты түрде аталып өтті. Оған аталмыш университеттің оқытушы-профессорлық құрамы, энергетика саласының ардагерлері, компания мамандары, студенттер қатысты.

Мерекелік жиын барысында үздіктердің үздігі – энергетика саласының мамандары мен еңбек сіңірген қызметкерлеріне, саланың бастау алған сәтінде тынымсыз еңбектерімен оның дамуына зор үлес қосқан ардагерлерге ерекше құрмет көрсетілді. Олар «Құрметті энергетик» төсбелгісімен, арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

«Алатау Жарық компаниясы» АҚ-ның басқарма төрағасы Мұхит Үмбетовтің айтуын­ша, негізі, Энергетиктер күні Ресейде, Украинада, Арменияда, Беларусьте, Қырғызстанда және біздің елімізде бір күнде атап өтіледі екен. Өйткені, бұл кәсіби мереке 1920 жылы КСРО кезінде пайда болған. Сол жылы Ресейді электрлендірудің мемлекеттік жоспары қабылданған көрінеді. Яғни, бұл мереке содан бері Кеңес одағының аумағы бойынша атап өтіліп келеді.

Айта кетейік, «Алатау Жарық компаниясы» АҚ – Алматы қаласы мен облы­сының 2,5 миллионнан астам тұрғынын жарықпен қамтып отырған, сондай-ақ, өндірістік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге және ауыл шаруашылығы қожалықтарына электр қуатын жеткізумен, таратумен айналысатын республика оңтүстігіндегі ең ірі энергетикалық кәсіпорын. Бұл компания биылғы жылды табысты аяқтап отыр. Компания басшысы Мұхит Әбікенұлы 2016 жылдың кәсіпорын үшін жемісті болғанын жеткізді.

– Қазіргі таңда біздің компанияға қарасты әрбір нысан, яғни, электр беру орталықтары мен қосалқы стансалардың барлығы толық жөндеуден өткізілді. Қысқа сақадай-сай отырмыз. Тіпті, Энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінен дайындыққа қатысты төлқұжатты уақытында алдық. Ерекше айта кету керек, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Үкімет пен Алматы қаласының әкімдігі қолдауының нәтижесінде №131А «Горный Гигант» (Таулы Қырат) қосалқы стансасының 220/110/10 киловаттық жүктемесін, дәл осындай көлемде жүктемесі бар №160А «Ерменсай» қосалқы стансасына көшу жобасын қаржыландыру оң шешімін тауып отыр. Алматы қаласы үшін аса маңызды бұл жобаны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 6 миллиард 700 миллион теңге бөлінді, – дейді «Алатау Жарық компаниясы» АҚ-ның басқарма төрағасы М.Үмбетов.

 

Компания мамандары осы жылға белгіленген бірқатар іргелі жобаларды өз мерзімінде жүзеге асыру мақсатында асқан ұйымшылдықпен жұмыс жасаған. Сондай ірі энергетикалық жобаның арасында 110/10/6 киловаттық «Түрксіб» қосалқы стансасын салу жоспарланған. Оның құрылысы 2017 жылдың екінші тоқсанына дейін бітіп, толық пайдалануға беріледі.

Бұдан бөлек компания электр қуатын коммерциялық есептеудің автоматтандырылған жүйесін енгізуге үлкен күш салып отыр. Бұл жүйеге қазірдің өзінде 130 мың тұтынушы қосылған. Жоба электр қуатын есептеудің нақ­тылығын арттырып, шығындарды төмендетуге, сондай-ақ, есептегіш құралдарындағы көрсеткіштерді жазатын бақылаушыларды қысқартуға мүмкіндік береді. Ең бастысы, бұл компания қызметкерінің электр қуатын тұтыну бойынша нақты мәлімет алуын қамтамасыз етеді.

Онымен қоса, компания Алматы энергетика және байланыс университетімен әріптестік ынтымақтастықты бұрыннан бері нығайтып келеді екен. Бүгінге дейін аталмыш университетті бітірген 500-ге тарта түлек «Алатау Жарық компаниясында» жұмыс істейді, оның ішінде 170-і басшылық лауазымдарда қызмет етеді.

Қазіргі күні Алматы қаласы 2017 жылы өткізілетін Қысқы Универсиадаға жан-жақты дайындалуда. «Алатау Жарық компаниясы» АҚ-ның мамандары «Универсиада-2017» сайысына байланысты жаңадан салынған спорт және әлеуметтік мәдени нысандарды үздіксіз әрі сапалы электр қуатымен толық қамтамасыз етуде. «Дегенмен, алда жоспар көп, жұмыс бастан асады. Мұның бәрін жүзеге асыру үшін тынымсыз еңбек етуіміз керек. Дейтұрсақ та, мен бүгін әріптестерімді кәсіби мерекесімен – Энергетиктер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Оның үстіне, бүгінгі мереке Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Энергетика саласының мамандарына зор денсаулық және алдағы жоспарларды іске асыруда толағай табыстар тілеймін. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы құтты болсын!» – деді Мұхит Әбікенұлы.

Қалай десек те, бүгінгі таңда әлемді жарықсыз елестету мүмкін еместігі баршаңызға аян. Энергетиктер жұмысының маңыздылығына баға жетпейді, олардың еңбектері арқасында тұрғындардың үйлері жайлы да жарық, ұйымдар мен мекемелер қалыпты қызмет етіп келеді. Тіпті, әлемдегі өркениетті дамудың негіздері: компьютер, ғарыш зымыраны, радио мен теледидар, мобильді телефон, жарық пен жылу, мұздатқыш, ақылды тұрмыс­тық және өндірістік техника – бәрі-бәрі электр энергиясынсыз жұмыс істемейді. Сондықтан жұртшылықты жарықпен жарылқап отырған энергетиктердің еліміз үшін орны ерекше екендігін атап өтуіміз керек. Оның үстіне, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің тақырыбы «Болашақтың энергиясына» арналып отыр. Бұл – мемлекетімізде осы саланың кеңінен дамуына бастайтын бірден-бір жол болмақ. Сондықтан энергетиктердің асар асуы әлі алда. Біз де энергетиктерді кәсіби мерекесімен құттықтаймыз!